• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
25 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс
Share on FacebookShare on Twitter

24 қаңтарда Астанада конституциялық комиссияның алғашқы отырысы өтті. Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ерлан Жиенбаев енгізілейін деп жатқан вице-президент пен халық кеңесі институтының өкілеті туралы айтты.

Азаттық радиосының хабарлауынша, Жиенбаев, президент отставкаға кеткен жағдайда оның өкілетін вице-президентке жүктеу ұсынысына тоқталған.

«Президенттің өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оның өкілетін вице-президентке жүктеу ұсынылып отыр. Вице-президент өкілетті ала алмаған жағдайда, ол құрылтай төрағасына беріледі. Құрылтай төрағасы оны атқара алмаса, премьер-министрге жүктеледі» деді Жиенбаев.

Президент отставкаға кеткен жағдайда екі ай ішінде сайлау өткізу ұсынылып отыр.

Оның сөзінше, вице-президент халықаралық қатынаста және құрылтай, үкімет және өзге де мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста президент атынан сөйлемек.

Ұсынылып отырған түзетулерге сәйкес, вице-президентті құрылтай мүшелерінің басым бөлігінің қолдауымен президент тағайындамақ. Және оны қызметтен босататын да – сол президент.

Вице-президент қандай да бір саяси партияға мүше болмауы керек, кәсіпкерлікпен шұғылданбауға тиіс.

Жиенбаев конституциялық комиссия отырысында сонымен бірге халық кеңесінің өкілеті туралы да айтты.

Оның сөзінше, ұсыныстарға сәйкес, Халық кеңесі Қазақстан халқы ассамблеясы мен бұған дейін құрылған ұлттық құрылтайдың стратегиясын жалғастырмақ. Оның құрамын президент анықтайды. Бұл халықтың мүддесін қорғайтын ең жоғары консультативтік орган болмақ. Халық кеңесі бойынша арнайы заң қабылданбақ.

Ол президентке республикалық референдум өткізу туралы ұсыныс енгізе алады. Ұлттық құрылтай немесе Қазақстанның халық ассамблеясы сияқты оның сессиясына жылына кемінде бір рет өтеді. Ол тұрақты жұмыс істейтін орган емес.

20 қаңтарда Қызылордадағы Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше саяси өзгерісті жариялаған. Елде бір палаталы парламентте 145 депутат болатынын, парламент партия тізімімен жасақталатынын мәлімдеген. Бұған қоса, елде вице-президент лауазымы пайда болатынын да айтқан. Ал Ұлттық құрылтай мен Қазақстан халқы ассамблеясы тарап, оның орнына 126 адамнан тұратын Халық кеңесі құрылады деген. Кейбір саясаттанушылар Халық кеңесі саяси күшке ие болатын органға айналады десе, кейбірі «саяси жүйеде үлкен өзгеріс болмайды» деп санайды.

Келесі
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз "өз оғынан" қаза тапты

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.