• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Конституциялық сот президенттің ұсынысын заңға қайшы деп тапты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
10.12.2025
Конституциялық сот президенттің ұсынысын заңға қайшы деп тапты
Share on FacebookShare on Twitter

Қырғызстан Конституциялық соты президент Садыр Жапаровтың өлім жазасын қалпына келтіру ұсынысын Конституцияға қайшы деп тапты. Конституциялық сот бұл ұсынысты қарастырған соң «қабылданбайтын және заңды түрде мүмкін емес әрекет» ретінде бағалап отыр.

Қырғызстанның Конституциялық соты балаларды зорлау және зорлаумен байланысты кісі өлтіру үшін өлім жазасын енгізу туралы заң жобасына қатысты осындай қорытынды шығарды.

Қорытынды құжатта өлім жазасына тыйым салу және өмір сүру құқығының басымдығын мойындау тек нормативтік қана емес, сонымен қатар негізгі құндылық өлшеміне ие екені айтылған.

Конституциялық сот өлім жазасын қалпына келтіруді «адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдігін күшейтетін таңдалған конституциялық вектордан ауытқу» деп танып отыр. Конституциялық Сот сонымен қатар осы мәселенің халықаралық-құқықтық жағын да атап өткен.

«Конституциялық сот өлім жазасын Конституцияны өзгерту арқылы қалпына келтіру Конституцияға қайшы, қабылданбайтын және заңды түрде мүмкін емес деген қорытындыға келді. Тиісінше, «Қырғызстан Республикасының Конституциясына өзгертулер енгізу туралы» Қырғызстан Республикасы Заңының жобасын референдумға шығаруға болмайды және оны қабылдау бастамасын жүзеге асырудың барлық рәсімдері Қырғызстан Республикасы Конституциялық сотының шешімі күшіне енгеннен кейін тоқтатылады», — делінген құжатта.

Белгілі болғанындай, 1 қазанда президент Садыр Жапаров Қырғызстан 2007 жылы алып тастаған өлім жазасын қалпына келтіру үшін заңнамалық түзетулер енгізуді тапсырған еді. Бұл 17 жастағы қыздың өлімі оқиғасынан кейін өріс алған әрекет болатын. Өлім жазасын қалпына келтіру туралы заң жобасы парламент мақұлдағаннан кейін референдумға шығарылады деп күтілген.

Келесі
Фарабиден — Тәуке ханға дейін. Пезешкианның сапарында қазақтар жайлы Ирандағы тарихи құжаттар көрсетілді

Фарабиден - Тәуке ханға дейін. Пезешкианның сапарында қазақтар жайлы Ирандағы тарихи құжаттар көрсетілді

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.