• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Трамп қолдамаған кандидат. Зохран Мамдани Нью-Йорк мэрі болып сайланды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
5 ноября, 2025
Трамп қолдамаған кандидат. Зохран Мамдани Нью-Йорк мэрі болып сайланды
Share on FacebookShare on Twitter

4 қараша күні АҚШ-та жергілікті басқару органдарының сайлауы өтті. Бірқатар штатта тұрғындар губернаторды, мэрді және мен қалалық кеңес мүшелерін таңдады. Бұл сайлаудағы ең үлкен жаңалық Нью-Йоркте болды — 34 жастағы демократ Зохран Мамдани қала мэрі болып сайланды. Ол Нью-Йорк тарихындағы алғашқы мұсылман мэр және кейінгі жүз жылда осы қызметке келген ең жас саясаткер атанды.

Азаттық радиосының хабарлауынша, Нью-Йорк қаласы мэрін таңдауға қатысқан сайлаушылардың шамамен жартысы Мамданиді қолдап дауыс берген.

Өзін «демократиялық-социалист» деп сипаттайтын Мамдани сайлау науқанын «қайырымды қала» ұранымен өткізді. Ол баспананы жалға алу ақысын уақытша тоқтатуға, қаладағы автобустарда жүруді тегін қылуға, қалада азық-түлік дүкендері желісін ашуға және бай адамдарға салынатын салықты арттыру арқылы өмір сүру шығынын төмендетуге уәде берген.

Демократиялық партияның праймеризінде Мамдани жастар мен белсенділердің қолдауына ие болып, партия ішіндегі басты бәсекелесі — бұрынғы губернатор Эндрю Куомоны жеңген. Ақыр соңында Куомо сайлауға тәуелсіз кандидат ретінде түсіп, 40 пайыздан сәл артық дауыс жинады. Дауыс беру қарсаңында оны АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп ашық қолдаған.

Мамданидің тым солшыл ұстанымы партия ішіндегі қалыпты көзқарастағы демократтарды алаңдатып қойды. Олар партияның солшыл бағытқа ауытқуы центристік ұстанымдағы сайлаушыларды үркітеді деп есептейді. Көптеген танымал саясаткерлер оның кандидатурасын қолдауға асықпағанды жөн көрді.

Нью-Йорктегі сайлаудан бөлек, Вирджиния мен Нью-Джерси штаттарында губернатор лауазымына демократ әйелдер – Абигейл Спанбергер мен Микки Шеррилдің сайлануы жұрт назарын аударды. Сарапшылар сайлаудың мұндай нәтижелерді президент Дональд Трамптың саясатына сайлаушылардың наразы екенінің айғағы деп бағалап отыр. Әсіресе, Вирджинияда, Трамп әкімшілігі тұсында мемлекеттік құрылымдардағы жаппай қысқартудан мыңдаған адам жұмыссыз қалған еді.

Келесі
Марқұм ұшқыштар апаттан 6 жыл өткенде «кінәлі» болып шықты

Марқұм ұшқыштар апаттан 6 жыл өткенде "кінәлі" болып шықты

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.