• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

25 қазан үшін ұсталғандар саны 30-ға жуықтады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
26.10.2025
«Орыстар туралы» ән шырқаған адамды полицияға шақырды
Share on FacebookShare on Twitter

Оппозиция жариялаған митинг қарсаңында және митинг өтеді деген күні – 25 қазанда Қазақстанның түрлі өңірінде ұсталғандар 30-ға жуықтады. Олардың кейбірі қамалды, кейбіріне айыппұл салынды. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Ұсталғандардың тізімін құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина жариялады.

Қазақстанда мемлекеттік мереке ретінде жарияланған Республика күні, 25 қазанда кейбір белсенділер үйлерінің маңын полицияның торуылдап жүргенін, сыртқа шыға алмай отырғанын хабарлаған. Мысалы, белсенді Күміс Құлманова үйінің сыртына шығып, өзін жәй көлікте отырған екі адамның сыртқа жібермей отырғанын айтып, көлікте отырғандармен сөйлеспекші болады. Бірақ көліктегілер шықпай қояды.

«Қымбатшылық болмасын, қосымша құн салығы қымбаттамасын дегеннің несі айып? Неге соны маған айтуға мүмкіндік бермейсіңдер? Өздеріңнің жалақыларың жете ме өздеріңе?»- деп сұрайды. Бірақ көліктегілерден жауап болмайды.

Бұған дейін шетелде жүрген экс-банкир Мұхтар Әблязов жақтастарын митингіге шығуға шақырған.

Ішкі істер министрлігі ұстауларға түсініктеме бермеді.

Әблязов құрған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысын Қазақстан соты «экстремистік ұйым» деп танып, ел аумағында қызметіне тыйым салған. Ізінше «Көше партиясы» ұйымы да елде тыйым салынған ұйымдар қатарына енген. Дегенмен Еуропарламент аталған екі қозғалысты «бейбіт оппозициялық ұйым» деп атаған.

Келесі
Министр президенттік кеңеске сілтеп, жанармай бағасын өсіргелі отыр

Министр АЭС жобасына қытайлық мердігерлердің қалай қатысатынын айтты

Соңғы жазбалар

ҰҚК Әбілязовқа қатысты аталатын бельгиялық инвесторға іздеу жариялады

ҰҚК Әбілязовқа қатысты аталатын бельгиялық инвесторға іздеу жариялады

22 мая, 2026
1,4 млрд долларлық шағым. Астанадағы сотта Украина компаниясы «Газпромды» жеңді 

1,4 млрд долларлық шағым. Астанадағы сотта Украина компаниясы «Газпромды» жеңді 

21 мая, 2026
«Азаттық» радиосы қазақ қызметінің веб сайты әлі де ашылмай тұр

«Азаттық» радиосы қазақ қызметінің веб сайты әлі де ашылмай тұр

20 мая, 2026
Олжастың 90 жастық мерейтойы ақынның қатысуынсыз өтті

Олжастың 90 жастық мерейтойы ақынның қатысуынсыз өтті

19 мая, 2026
Назарбаевтың туған күніне қарай құрылысы басталған LRT Тоқаевтың туған күні алдында іске қосылды

Назарбаевтың туған күніне қарай құрылысы басталған LRT Тоқаевтың туған күні алдында іске қосылды

16 мая, 2026
ТМҰ-ны тербейтін ұсыныстар айтылды. Президент саяси науқанды да Ясауиге тіреді

ТМҰ-ны тербейтін ұсыныстар айтылды. Президент саяси науқанды да Ясауиге тіреді

15 мая, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.