• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Қоғамдық қысымнан кейін. Жыланбаевтың түрмедегі суреттері жарияланды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
29 июля, 2025
Қоғамдық қысымнан кейін. Жыланбаевтың түрмедегі суреттері жарияланды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің жанындағы үйлестіру кеңесінің хатшысы Раиса Шер Ақмола облысы Степногорск қаласындағы №4 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан марафоншы Марат Жыланбаевтың фотоларын жариялады. Оның айтуынша, Ақмола облыстық денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының өкілдерімен бірге олар 29 шілдеде Жыланбаевтың жағдайымен танысып, өзімен сөйлескен.

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлаған. Шердің айтуынша, Марат Жыланбаев арықтап, 45 кг болып қалды деген әлеуметтік желідегі ақпаратқа»таң қалған» әрі мұндай «негізсіз ақпаратты кім, не үшін таратып жатқанын білмейтінін» жеткізген. Бірақ Жыланбаев сөзінің видео не аудиожазбасы келтірілмейді.

«Өзінің айтуынша, оның халі жақсы, денсаулығына қатысты еш шағымы жоқ. Бұған қоса ол тұрақты түрде спортпен шұғылданады, соның ішінде өзі ұнататын спорт түрі – жүгірумен де айналысады, кітапханаға барып, кітап оқиды,»- деп жазды Шер Facebook-тегі парақшасында.

Дегенмен Жыланбаев аштық акциясын жалғастырып жатыр. Раиса Шердің айтуынша, ол «аштық мерзімін біртіндеп ұзартып, ағзасын шынықтырып жүр».

«Қазір ол ашығып жүр, бірақ су, компот, шай, кофе ішеді, күтпеген жағдай болмас үшін өз ахуалын бақылап отырады. Сонымен бірге оның қамау, тамақтандыру бойынша не азаптау, физикалық күш қолдану, мекеме қызметкерлері не басқа да сотталушылар тарапынан моральдық қысым жасау жөнінде шағымы жоқ» делінген Раиса Шердің мәлімдемесінде.

28 шілдеде Жыланбаевтың адвокаты Денис Малюга Жыланбаевтың қолымен жазылды деген хатты Азаттыққа жіберген. Хатта: «Мен дәрігерлердің тексеруі мен бақылауынан, қан қысымымды, тамыр соғысын, салмағым мен дене қызуымды өлшетуден – бәрінен бас тарттым. Бұл менің қамауға алынуыма және 7 жылдық жаза кескен үкімге қарсы аштық акциям секілді наразылықтың түрі. Мен шыдамды адаммын, бәріне төземін!» – делінген.

Шердің айтуынша, денсаулық сақтау мамандары Марат Жыланбаевтың денсаулығы қанағаттанарлық деген пікір айтқан, бірақ сонда да Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасына оның денсаулық жағдайын «күнделікті қадағалап отыруға» кеңес берілген.

«Қабылдаудың соңында Жыланбаев Марат Төлегенұлы жағдайы жақсы екенін, медициналық көмекті қажет етппейтінін, өзі үшін уайымдап, негізсіз ақпаратқа сенбеуге шақырып, ұлы Рустам мен басқа да жақындарына сәлем жолдады,»- деп жазды Раиса Шер.

«Экстремизмді қаржыландырды» деген айыппен ұзақ жылға сотталған марафоншы Марат Жыланбаевтың жағдайы нашарлағанын журналистер мен құқық қорғаушылар өткен аптада айта бастаған.

25 шілдеде көкшетаулық белсенділер Назгүл Жүсіпова мен Дәметкен Бейсембаева оны камерадан түсірілген видеодан көріп, танымай қалғанын, оның құр сүлдері қалғанын айтып, шошығанын жеткізген.

«Қызметкер өзінің телефонына тікелей эфирден видео түсіріп әкелді. Жыланбаевтың арқасынан түсірілген видео екен. Ол камераға арқасынан беріп, бірдеңе жазып отыр немесе жәй үстелде отыр. Біз оны мүлде танымай қалдық. Себебі ол бір уыс болып қалған » деді Назгүл Жүсіпова Азаттыққа 25 шілдеде.

Кейін оның салмағы 45 кг болып қалғанын, ол жатқан түрмеде санитария талаптары сақталмайтынын айтып, белсенділер мен құқық қорғаушылар дабыл қақты. Қазақстанның құқық қорғау органдары «дәйексіз ақпаратқа сенбеуге» шақырып, жалған ақпарат таратқандар жазаға тартылатынын ескертті.

Келесі
«Әуежайды басып алу ісімен» сотталған Әйгерім Тілеужанның микро-инсульт алғаны хабарланды

Әйгерім Тілеужанның 1 жыл 7 айы қалды. Депутат жағдайын білді

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.