• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Бірі — 12 жылға, қалған екеуі 11 жылға кесілді. Тағы да шенеуніктер сотталды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
03.07.2025
Ақтау үкімінің күші жойылды. Шенеунік сот залында қамауға алынды
Share on FacebookShare on Twitter

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен Кәрім Көкірекбаев, оның орынбасары Әділет Ахатаев пен мердігер Андрей Поплавскийге қатысты қылмыстық іс қаралып, үкім шықты.

Сотқа сілтеме жасап Kazinform хабарлағандай, Кәрім Көкірекбаев пен Әділет Ахатаев лауазымды тұлғалар бола отырып, ЖШС директоры Андрей Поплавскиймен сөз байласып, орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою үшін одан аса ірі мөлшерде пара алған.

Сондай-ақ, Андрей Поплавский шын мәнінде орындалмаған құрылыс-монтаж жұмыстарының актілеріне қол қоюды ұйымдастырған. Осы әрекеттердің салдарынан мемлекеттік мекемеге 1 987 827 622,63 теңге көлемінде залал келтірілген.

Алқабилердің үкімімен Кәрім Көкірекбаев мен Әділет Ахатаев Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігі бойынша, ал Андрей Поплавский — 195-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы және 367-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот үкімімен Кәрім Көкірекбаев — 12 жылға, Әділет Ахатаев пен Андрей Поплавский 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылған.

«Қазселденқорғау» мекемесінің басшысы қызметін атқарып, пара алу кезінде ұсталған Кәрім Көкірекбаев бұрын Жамбыл облысының әкімі, Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі, ҚТЖ басшысы қызметтерін атқарған.

Келесі
«Антикордың» бұрынғы басшысы ұсталды

"Антикордың" бұрынғы басшысы ұсталды

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.