• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Виза емес – визадан кем де емес. Ресей талабын Қазақстан министрлігі түсіндіруге тырысты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
10.06.2025
Виза емес – визадан кем де емес. Ресей талабын Қазақстан министрлігі түсіндіруге тырысты
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Ресей аумағына шетелдіктердің, соның ішінде Орталық Азия елдері азаматтарының кіру тәртібі туралы енгізген жаңа ережелеріне байланысты түсініктеме берді.

Азаттық радиосыны хабарлауынша, министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров дүйсенбі күні БАҚ өкілдеріне арналған брифингте: «Ресейге баратын Қазақстан азаматтары күтпеген жағдайға тап болмауы және шекарада қиындық туындамауы үшін әуелі шекарадан өтудің жаңа талаптарымен алдын ала танысып шығуы қажет», — деген.

Журналистердің «Қазақстан Ресейге жауап ретінде дәл сондай шара қолдана ма?» деген сұрағына СІМ өкілі: «Бұл мәселені өте мұқият зерттеп жатырмыз және де бұл біздің мемлекеттік органдармен кеңесуімізді қажет етеді»,- деп жауап берді.

Бұған қоса СІМ өкілі Ресей енгізген шекарадан өтудің жаңа ережелерін виза режимімен салыстыруға болмайтынын айтты.

«Кейбір БАҚ өкілдері қарапайым көші-қон талаптарын Ресей визалық режим енгізіп жатыр деп тақырып қойып жазып жатыр. Бізде Ресеймен визасыз режим бар және ол сақталады. Бұл тек қана шекарадан өту тәртібі бойынша қойылған талаптар», – деді Смадияров.

Биыл 30 маусымнан бастап Ресей аумағына шетелдіктердің кіру тәртібі күшейтілмек. Ресейге барғысы келетін мигранттар өз сапары туралы Ресей билігін алдын ала хабардар етуге міндетті болады. Ресей үкіметінің қаулысына сәйкес, шетел азаматтары елге кірмей тұрып, кемінде 72 сағат бұрын сапар мақсатын көрсетіп, өтініш беруі, саусақ іздерін тапсырып, суретке түсуі қажет. Сапар алдында Ресей ІІМ сайтынан өзіне ол елге кіруге тыйым салынбағанын тексеріп алғаны жөн болмақ.

Жаңа ережелер Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресеймен визасыз режим туралы келісімі бар өзге елдердің азаматтарына қолданылады.

Бұл Қазақстан және аталған басқа елдердің азаматтары Ресейге сапармен баратыны туралы ол елдің билік органдарын алдын ала хабардар етуге міндетті дегенді білдіреді.

Көші-қон мәселелері бойынша сарапшы әрі құқық қорғаушы Валентина Чупик Азаттық радиосына берген сұхбатында Ресейдің бұл әрекеті Орталық Азия елдерімен электронды виза режимін енгізудің бүркемелеген түрі» деген пікір білдірген.

Келесі
Әйелін «азаптады» деп айыпталған. Дипломаттың соты басталды

Әйелін "азаптады" деп айыпталған. Дипломаттың соты басталды

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.