• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Не үшін парад өткізгенін білмеген министр ай өткенде қызметінен босады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
8 июня, 2025
Не үшін парад өткізгенін білмеген министр ай өткенде қызметінен босады
Share on FacebookShare on Twitter

2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін қорғаныс министрі болып тағайындалған Руслан Жақсылықов лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұл қызметке Дәурен Қосанов тағайындалды. Ол бұрын қорғаныс министрінің орынбасары – Қазақстан қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметін атқарған. 55 жастағы генерал-лейтенант авиация Дәурен Қосанов Армавир жоғары әскери ұшқыштар авиациялық училищесін, Ю. Гагарин атындағы әуе күштері академиясын, сондай-ақ Ресей қарулы күштері бас штабының әскери академиясын тәмамдаған.

Бұған дейін министр болған Руслан Жақсылықов — әскердегі адам өліміне байланысты қоғам сынына жиі ұшыраған және осы проблемаға нақты жауап бере алмаған шенеунік. Оның орынсыз сөздері мен мемлекетттік тілді меңгермегені де қоғам наразылығын тудырған. Соңғы кездері адамдарды әскерге күштеп әкету оқиғаларында да қорғаныс министрлігі қоғам қанағаттанатындай түсінік бере алмаған.

Тағы бір оғаш оқиға — Руслан Жақсылықов осыдан тура бір ай бұрын, 8 мамырда   Жеңістің 80 жылдығында Мәскеуге жасаған сапары барысында ресейлік әріптесімен кездесуде дипломатиялық ағатттық жіберген. Сонда ол «Біз — қонақ емеспіз. Біз – достармыз, одақтаспыз және қарулас бауырлармыз»- деп, 7 мамырда Қазақстанда өткен парадтың «Отан қорғаушылар күніне орай емес, Жеңіс күніне арнайы өткізілгенін» айтқан.

Ілгеріде осы салада қызмет атқаратын жұбайы және 3 баласымен әскери киім киіп түскен Жақсылықовтардың суреттері де талқы тудырған. Сондайда министр әйелінің әніне клип түсіруде әскери бөлімдерді тегін пайдаланатыны айтылған. Бірақ Жақсылықов қоғам сынын тудырған мәселелердің ешқайсысына жауап берген емес. Журналистер сұрағына жауап бергенде де орынсыз қылжағымен көзге түскен шенеунік болды.

Келесі
Виза емес – визадан кем де емес. Ресей талабын Қазақстан министрлігі түсіндіруге тырысты

Виза емес – визадан кем де емес. Ресей талабын Қазақстан министрлігі түсіндіруге тырысты

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.