• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

Назарбаев тағы да Мәскеуге жетіп барды. Ресми өкіл «жеке сапар» жайлы айтты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
29 мая, 2025
Басты бет Жаңалықтар
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанның 2019 жылы биліктен кеткен экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге барып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Бұл туралы 29 мамырда Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковке сілтеп ресейлік БАҚ хабарлады

«Кремльде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке кездесу өтті», – деген Песков қысқа қайырып. Ол басқаша мәлімет бермеген.

Бұдан алдын Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысымен 2024 жылдың желтоқсанында Мәскеуге барып кездескен болатын. Сонда да кездесудің мән-жайы егжей-тегжейлі айтылмаған.

2025 жылдың қаңтарында президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің былтыр 2 рет кездескенін айтқан.

“Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің желтоқсандағы кездесуі өткен жылдағы екінші жүздесуі ғой деймін. Күз басындағы бірінші кездесу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған жоқ. Олар байырғы достар әрі әріптестер ретінде жүздесетін болса керек, ортақ әңгімелері де бар шығар. Мұндай кездесулер әдетте Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен өтеді. Ол үшін мұның маңызы зор. Бұрынғы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, партия басшысы және егемен Қазақстанның президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлының Кремльмен тығыз моральдық және саяси байланысы барын естен шығармаған жөн. Оның талай уақыты Мәскеуде өтті, сан мәрте іссапарға барды, съезд және пленум отырыстарына қатысты, жұмыс бабымен және ресми сапарлармен де болды”, — деген еді президент Тоқаев Назарбаевтың Кремльге сапарлары туралы,

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
Билік өткізбей тастаған. Қуғын-сүргін құрбандарына арналған концерт альбомы шықты

Билік өткізбей тастаған. Қуғын-сүргін құрбандарына арналған концерт альбомы шықты

Соңғы жазбалар

Қысқарту қарқынынан соң. Журналистерді қорғау комитеті Конгрессті USAGM-ді қорғауға шақырды

Сот министрліктің өтінішіне орай БАҚ шағымын қарауды тоқтатты

18 сентября, 2025
Геноцид. БҰҰ комиссиясы Израильдің Газадағы әрекетіне баға берді

Геноцид. БҰҰ комиссиясы Израильдің Газадағы әрекетіне баға берді

16 сентября, 2025
Шеттің соты Дина Таңсәріні Қазақстанға беруден бас тартты

Дина Таңсәрі өзін Қазақстанға бермеген Черногория сотына алғыс айтты

13 сентября, 2025
Ашаршылық «голодомор» емес екен. Жазу Мәскеудің дегенімен өзгертілді ме?

Ашаршылық «голодомор» емес екен. Жазу Мәскеудің дегенімен өзгертілді ме?

11 сентября, 2025
Көкпардағы даудан кейін ҰҚК-нің мәлімдеме жасауына тура келді

ҰҚК қазақ-қырғыз шекарасындағы «атыс туралы» мәліметті жоққа шығарды

10 сентября, 2025
Израиль Дохаға шабуылдады. Қазақстан бірден айыптады

Израиль Дохаға шабуылдады. Қазақстан бірден айыптады

10 сентября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.