• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Назарбаев мектебін бітіруші оқудан шығарылған соң президентке жүгінді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
27.05.2025
Назарбаев мектебін бітіруші оқудан шығарылған соң президентке жүгінді
Share on FacebookShare on Twitter

Алматыда Назарбаев зияткерлік мектебінде оқу жылының аяқталуына екі күн қалғанда мектептен шығып қалған 11 сынып оқушысы ел президентіне видео-үндеу жолдады. Онда оқушы оқуын осы мектепте бітіруге мүмкіндік беруін сұраған. 

Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысының оқудан шығарылуына қатысты жанжал қоғамда резонанс тудырды. Әсіресе, әлеуметтік желіде оны қолдаушылар да, оған қарсы әрекетті жақтаушылар да табылады.

Жасөспірімнің өзінің айтуынша, оның ата-анасы оқудан шығару туралы өтінішке оның мәнін толық түсінбей қол қойған. Оқушы ата-анасы орыс тілін білмейді және эмоциялық қысымға ұшырады деп санайды.

Айтуына қарағанда, олар құжатын қайтарып алмақ болғанда, мектеп оны беруден бас тартқан. Мектеп оқушысының өзі мектеп басшылығы жалған ақпарат таратып жатыр деп отыр. Ол басқа мектепке ауыстыру “мемлекет қаражатын екі есе ысырап ету» деп санайды.

Оқушы жазаны көтеруге дайын екенін, бірақ Назарбаев мектебінде қалып, мектеп бітіру мүмкіндігін сұрап отыр.

«Мен іс-әрекетімнің салдарын жоюды сұрамаймын. Егер маған осы мектепте қалуға және оқуымды жалғастыруға мүмкіндік берілсе, тәртіптік жазаға, қоғамдық жұмыстарға немесе басқа да шараларға дайынмын. Мен мұғалімдерге, мектепке және қоғамға алғыс айтамын және бір ғана нәрсе: әділ шешім және қатені түзету мүмкіндігін қарастыруды сұраймын», — деген 11 сынып оқушысы.

23 мамырда Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы оқудан шығарылған. Назарбаев зияткерлік мектебі басқарма төрағасы Әнуар Жанғозиннің айтуынша, мектептегі тоқсандық қорытынды бағалау кезінде 11 сынып оқушысы академиялық адалдық ережесін бұзып, емтихан кезінде ұялы телефон қолданған. Бұл — мектепте қатаң тыйым салынған әрекет. Телефон тәртіпке сай тәркіленген сәтте оқушы агрессия танытып, мұғалімге бейәдеп сөз айтып, балағаттаған делінеді.

Келесі
Президент мемлекеттік құрылыстың өзгермейтінін айта қалды

Президент мемлекеттік құрылыстың өзгермейтінін айта қалды

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.