• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

Ұн зауытында жарылыс болды. 1 адам қаза тапты, 3 адам ауыр халде жатыр

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
27 мая, 2025
Басты бет Әлеумет
Share on FacebookShare on Twitter

Шамалған станциясының маңында орналасқан ұн өндіретін зауытта жарылыс болды.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23 мамыр күні Қарасай ауданына қарасты Жібек жолы ауылында орналасқан ұн өнімдерін шығаратын зауыт аумағында жарылыс болып, өрт шықты.

Оқиға кезінде зардап шеккен 49 жастағы 1 адамның алған жарақаттардың салдарынан қаза тапқаны хабарланды. Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, Қаскелең қаласындағы Қарасай клиникалық көпсалалы орталық аудандық ауруханасына 23 мамыр күні 4 адам жеткізілген. Зардап шеккен қызметкерлердің бірін аман алып қалу мүмкін болмады. 49 жастағы ер адамның денесін терең күйік шалған.

«Қалған үш адам жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары өте ауыр. Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы бұл науқастарды жеке бақылауына алып, дер кезінде диагноз қою және толық ем алу үшін қажетті шаралар қабылданып жатыр» деп хабарлаған басқармадан.

Ал облыстық төтенше жағдай департаментінің мамандары астық қалдықтарының шаң-тозаңы жарылысқа себеп болуы мүмкін дейді.

«Оқиға орнына дереу Алматы облысы төтенше жағдай департаментінің күштері мен құралдары жіберілді. Шұғыл штаб құрылып, өрт толық сөндірілді. Қызыл жалын 1377 шаршы метр аумақты шарпыды» делінген ресми мәліметте.

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
Назарбаев мектебін бітіруші оқудан шығарылған соң президентке жүгінді

Назарбаев мектебін бітіруші оқудан шығарылған соң президентке жүгінді

Соңғы жазбалар

Қысқарту қарқынынан соң. Журналистерді қорғау комитеті Конгрессті USAGM-ді қорғауға шақырды

Сот министрліктің өтінішіне орай БАҚ шағымын қарауды тоқтатты

18 сентября, 2025
Геноцид. БҰҰ комиссиясы Израильдің Газадағы әрекетіне баға берді

Геноцид. БҰҰ комиссиясы Израильдің Газадағы әрекетіне баға берді

16 сентября, 2025
Шеттің соты Дина Таңсәріні Қазақстанға беруден бас тартты

Дина Таңсәрі өзін Қазақстанға бермеген Черногория сотына алғыс айтты

13 сентября, 2025
Ашаршылық «голодомор» емес екен. Жазу Мәскеудің дегенімен өзгертілді ме?

Ашаршылық «голодомор» емес екен. Жазу Мәскеудің дегенімен өзгертілді ме?

11 сентября, 2025
Көкпардағы даудан кейін ҰҚК-нің мәлімдеме жасауына тура келді

ҰҚК қазақ-қырғыз шекарасындағы «атыс туралы» мәліметті жоққа шығарды

10 сентября, 2025
Израиль Дохаға шабуылдады. Қазақстан бірден айыптады

Израиль Дохаға шабуылдады. Қазақстан бірден айыптады

10 сентября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.