• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Қазасы кезінде видеосы тараған қыздың анасы президенттен көмек сұрады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
23.05.2025
Қазасы кезінде видеосы тараған қыздың анасы президенттен көмек сұрады
Share on FacebookShare on Twitter

Алматыда көп қабатты үйден құлап, қаза болған 22 жастағы Ақнәр Гүлістанның анасы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қайырылды. Видеомәлімдеме Instagram-дағы Justice_for_aqnar парақшасында жарияланды.

Ақнәрдің анасы Гүлістан Қамиттің айтуынша, дәлелдер мен видеоматериалдар қызының бұл әрекетке өз еркімен бармағанын көрсеткен.

«Денесінде азаптаудың ауыр іздері болды. Телефонынан табылған видеоларда қызымды ұрып-соғып, қорлап жатқан сәттер бейнеленген. Қауіпсіздік камераларынан алынған жазбаларда оны терезеден лақтырып жібергені, оқиғадан кейін қызымның барлық мүлкі, ақшасы, заттары тіпті киімдері де жоқ болып шықты. Оның жанында болған екі қыз Қытай халық республикасының азаматтары (аттарын атайды – ред.) осы қылмысқа тікелей қатысы болуы мүмкін. Соған қарамастан олар бостандықта жүр. Бірі тіпті елден шығып, қайта оралды. Енді бірі 2025 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан азаматтығын алды. Тергеп тексеру амалдары барысында ешқандай бұлтартпас шарасы қолданылған жоқ. Алматы қалалық тергеу органы мен прокуратурасы бұл істі жеңіл баппен — «өзіне-өзі қол жұмсауға итермелеу» деп бағалап, шынайы тергеу жүргізбей отыр», — деді марқұмның анасы.

Ол президенттен қылмыстық істің бабын ауыстырып, «адам өлтіру» және «заңсыз бостандықтан айыру» баптары бойынша қарастыру туралы бұйрық беруді өтінді. Марқұмның анасы Алматының тергеу органдарына сенбегендіктен істі Астананың арнайы тергеу органдарының бақылауына беруді өтінді. Бұған қоса, Ақнәрдің өліміне қатысты бар күдіктілерді қамауды және тергеуді әділ жүргізуді сұрады.

2024 жылы 20 шілдеде Алматыда 22 жастағы студент Ақнәр Гүлістан көп қабатты тұрғын үйден құлап мерт болған. Полиция «өзін өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Марқұмның туыстары оны азаптап, терезеден құлатып жіберген деп санайды. Марқұмның анасы баспасөз жиынында және Азаттыққа берген сұхбатында қызының денесінен соққы іздері табылғанын, тырнақтары мен шаштары жұлынғаны анықталғанын айтқан. Ол сонымен біре соны дәлелдейтін видео-фото материалдар берген. Марқұмның отбасы істі «Адам өлтіру» және «Азаптау» баптары бойынша тергеуді және кінәлілерді жауапқа тартуды талап етіп отыр.

Ақнәр Гүлістан — Алматыдағы КИМЭП университетінің түлегі. Анасының сөзінше, ол бес тілде еркін сөйлеген, арман-мақсаты биік еді.

Келесі
Алматының әкімі ауысты

Алматының әкімі ауысты

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.