• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Үндістан үнсіз қалмады. Пәкістанға шабуылдан адамдар қаза тапты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
07.05.2025
Үндістан үнсіз қалмады. Пәкістанға шабуылдан адамдар қаза тапты
Share on FacebookShare on Twitter

Үндістан қарулы күштері 7 мамырға ауған түні Пәкістан мен Кашмирдің Пәкістан бақылауындағы бөлігіне ракетамен соққы жасады. Дели Пәкістанның «террористік инфрақұрылымдарына» шабуыл жасалды дейді.

Азаттық радиосының хабарлауынша, Үндістан қорғаныс министрлігі бұл операцияны 22 сәуірдегі шабуылға жауап ретінде түсіндірген..

22 сәуірде Кашмирдің Үндістан бақылауындағы бөлігіндегі Байсаран алқабында үндістандық туристерге шабуыл жасалып, 26 адам қаза тапқан. Үндістан шабуылды «террорлық әрекет» деп атап, Пәкістанды айыптаған. Бірақ Исламабад оны жоққа шығарған. Ал туристерге шабуыл жасаған үш адам Пәкістан азаматы екені айтылған. Осы оқиғадан соң екі елдің арасы суып, соғыс басталуы мүмкін екені айтыла бастаған.

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Үндістанның 7 мамырдағы шабуылын «жиіркенішті агрессия әрекеті» деп атады. Артынша бұл елдің де әскерилері Кашмирдің Үндістан бақылауындағы аймағына соққы жасады.

Бұған қоса, Пәкістан Үндістанның бес әуе ұшағын құлатқанын айтты. Бірақ Дели бұл мәлімдемеге жауап берген жоқ.

Пәкістан әскериі шабуылдан кемі 26 адам қаза тауып, 46 адам жараланғанын айтады. Ал Дели тарабы Кашмирдің Үндістан бақылауындағы аймағында кемі 7 адам қаза болды дейді.

Исламабадтың мәліметінше, Кашмирдің Пәкістан бақылауындағы аймағындағы Музаффарабад және Колти қаласы, Пенджаб провинциясындағы Бахавалпур қаласы зардап шеккен.

Пәкістан қорғаныс министрі Хаваджа Асиф GeoTV арнасына берген сұхбатында шабуыл бейбіт тұрғындар ауданына жасалды деп, Үндістанның «террористік лагерьлер нысанаға алынды» деген сөзін жоққа шығарды.

Ал Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди туристерге шабуыл жасағандар «жерге кіріп кетсе де табамыз» деді.

Үндістан мен Пәкістан Кашмир аймағын өзінің жері деп санайды. Қазір Кашмирдің жартысын Пәкістан, жартысын Үндістан бақылайды. Аймақтың біраз бөлігі Қытайда.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш тараптарды ұстамдылыққа шақырып отыр.

Келесі
Жаңа Рим папасы өзіне XIV Лео есімін таңдады

Жаңа Рим папасы өзіне XIV Лео есімін таңдады

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.