• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Аштық жариялаған Марат Жыланбаев арыздана алмай отыр

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
24 апреля, 2025
Жыланбаевтың 10 күннен бері аштық жариялағаны белгілі болды
Share on FacebookShare on Twitter

Марафоншы, «Алға, Қазақстан» тіркелмеген оппозициялық партиясының жетекшісі Марат Жыланбаев түрмеден құқық қорғау орындарына жазған арыздарын жібере алмай отыр. Оған хат‑ хабар да берілмейді.

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

23 сәуірде Марат Жыланбаевтың әйелі Азаттыққа хабарласып, аштық жариялап отырған марафоншының құқық қорғау орындарына не арыз жолдай алмай, не пошта ала алмай отырғанын айтты.

— Марат бүгін қоңырау шалды. Ол құқықтары сақталмай отырғаны туралы арыздарын тиісті органдарға жібере алмай отыр. Оған пошта да келмейді. Оның аштық жариялап отырғанына 29 күн болды, — деп хабарлады оның әйелі.

Оның айтқанын адвокаты Мейіржан Досқараев та растады. Адвокат және Жыланбаевтың бір топ жақтасы 21 сәуірде Степногорскіге барған. Досқараев өзін түрме қызметкерінің Жыланбаевпен кездесіп шыққан соң тінтіп, оның айтқан шағымдарын жазып алған қағазын тартып алуға тырысқанын айтты.

— №4 мекеменің жедел уәкілі Марат Зәлелов Жыланбаевпен кездесіп шыққан соң мені тінтіп, қолымдағы қағаздарымды алып қоймақ болды. Арпалыс болды. Маған «акті толтырамын, сен енді бұл жерден ешқандай шағым алып шықпайсың» деп қоқан-лоқы көрсетті. Түрме бастығы орынында жоқ деп мені қабылдамады. Степногорск прокуратурасына мекеме қызметкерінің үстінен менің адвокаттық қызметіме кедергі келтіру туралы шағым түсіріп кеттім, — дейді Досқараев.

Оның сөзінше, сенбі сайын болатын себіл қабылдауға кеткенде Жыланбаевтың бөлмесіндегі ақ қағаздары мен жазған арыздары жоғалып кеткен.

– Мен апарып берген қағаздарға арыздарын жазғанмен оны сыртқа шығартпайды,- деді ол.

Азаттық Степногорскідегі №4 мекеменің бастығы Қанат Тұлақовқа бірнеше мәрте қоңырау шалды. Хатшысы «бастықтардың барлығы да зонада жүр» деп қоспады.

Бұл — 61 жастағы Жыланбаевтың түрмеде отырып ондағы жағдай мен сот үкіміне қарсы жариялап отырған сегізінші аштығы. Оны тәртіптік изоляторға да қамаған.

2023 жылы қарашада Астана соты Марат Жыланбаевты «экстремистік ұйым ісіне араласты» және «экстремизмді қаржыландырды» деген айып бойынша 7 жыл түрмеге кескен. Жыланбаев айыптың бәрін жоққа шығарып, істің «саяси астары бар» деп мәлімдеген.

Қазақстандық құқық қорғаушылар оны «саяси тұтқындар» тізіміне қосқан. Ресми Астана елде саяси тұтқын жоқ, ешкім саяси ой-пікіріне бола қудаланбайды дейді.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан билігін белсендіні босатуға үндеп келеді. Былтыр халықаралық Human Rights Foundation (HRF) құқық қорғау ұйымы түрмеде отырған танымал марафоншы, белсенді Марат Жыланбаевтың ісін БҰҰ сарапшылары мен күштеп ұстау бойынша жұмыс тобына жолдаған. Ұйым Жыланбаевтың негізгі құқықтары бұзылғанын атап өтіп, Қазақстан билігін оны босатуға шақырған.

Келесі
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

Сөз бостандығы. Президент құқық қорғаушылар мен журналистерді тағы да айыптады

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.