• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сөз бостандығы. Президент құқық қорғаушылар мен журналистерді тағы да айыптады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
24.04.2025
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясы сессиясында жекелеген құқық қорғаушылар мен журналистерді «арандатумен айналысады» деп айыптады.

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

«Өздерін сөз еркіндігінің жақтаушысы ретінде көрсеткісі келетін кейбір құқық қорғау ұйымдарының өкілдері, блогерлер мен журналистер еліміздегі әр істен саяси, жағымсыз астар іздеп, шын мәнінде, арандатумен айналысып жүргенін айтпасқа болмайды. Бұл Қазақстаннан көшіп кетіп, шетелде жүріп халқымызға шабуыл жасайтын, тіпті, мемлекеттік органдарды бопсалайтын бұрынғы азаматтарымыздың әрекеті», — деген президент Тоқаев.

«Олар осылайша «шет мемлекеттер берген ақшаны ақтауға жұмыс істеп жүр,»- деп қосты президент Қазақстан халқы ассамблеясы сессиясында сөйлеген сөзінде.

«Еліміздің әл-ауқаты, соның ішінде демократия мен сөз бостандығы үшін шетелде ешкімнің басы ауырып, балтыры сыздамайды. Оны нақты түсінген жөн, — деп бір тоқтаған Тоқаев жақында “шетелдік үкіметтік емес ұйымдардың әрекеттері” де әшкереленгенін айтты, бірақ нақты ұйымның атын атамады.

Тоқаев сонымен бірге «күрделі жағдайды жеке мүддесіне пайдаланғысы келетін түрлі популистер мен саясаткерсымақтар» туралы да айтты.

«Ел мүддесіне қастық ойлаған ондай адамдарға тұтас қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Алда күрделі кезең келе жатыр. Оңай болмайды. Бірақ алаңдауға еш негіз жоқ,»- деді ол.

Ол бейсенбі күні сөзінің басында Қазақстан халқы ассамблеясын “этносаралық қатынас саласындағы теңдессіз институт” деп атап, 1995 жылы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылғанын атап өтті.

Қазақстан халқы ассамблеясы 1995 жылы 1 наурызда құрылған. Оның мақсаты – «этностар арасындағы келісімді әрі қарай нығайту» деп айтылады. Бірақ кейбір сарапшылар аталған институт сол кезде Нұрсұлтан Назарбаевтың «өкілетін ұзартуды заңдастыру үшін» керек болды деп санайды.

Келесі
Жеңіс күні желеуімен Путин тағы да атысты тоқтату режимін жариялады

Жеңіс күні желеуімен Путин тағы да атысты тоқтату режимін жариялады

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.