• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

Министрлік шетелде соғысқандар жауапқа тартылатынын ескертті

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
8 апреля, 2025
Басты бет Жаңалықтар
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан ішкі істер министрлігі (ІІМ) шетелде соғыс қимылдарына қатысқан ел азаматтары заң алдында жауапқа тартылатынын ескертті. ІІМ елдің Қылмыстық кодексінде «Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу» (172-бап) және «Жалдамалылық» (170-бап) деген екі бап барын еске салған. Бірінші бап бойынша тоғыз жылға дейінгі мерзімге бостандығынан айыру жазасы, екіншісі бойынша өмір бойына түрме жазасы қарастырылған.

«Ішкі істер министрлігі азаматтарға Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға және құқықтық салдары ауыр болуы мүмкін іс-әрекетке қатысудан аулақ болуға кеңес береді», — делінген министрлік хабарламасында.

ІІМ бұл ескертуді украиналық блогер Владимир Золкиннің Украинадағы соғыс барысында тұтқындалған, өздерін «қазақпыз» деп атаған үш жас жігітпен сұхбатының видеосы желіде жарияланғаннан кейін жасады. Золкин сұхбаттасқан адамдардың екеуі өздерін «Қазақстан азаматымыз» деп, ал үшінші адам «Ресейдің Қазақстанмен шектесетін облысының тумасымын, ұлтым — қазақ»,- деп таныстырған. Үш жігіттің де аты-жөні жарияланбады.

Желіде жарияланған видеода сөйлеген қазақстандықтардың бірі Ресей азаматтығы алу үшін әскери келісімшартқа қол қойғанын, бірақ оған Ресей төлқұжаты берілмегенін айтты. Ол Украинаның Луганск облысында тұтқынға түскен. Екінші қазақстандық жігіттің сөзінше, ол Донецк облысындағы Торецк қаласы үшін болған шайқас кезінде тұтқынға түсіпті.

Бұған дейін украиналық «Өмір сүргім келеді» («Хочу жить») жобасы Украинада Ресей жағында соғысқан немесе шайқасып жатқан Қазақстан азаматтарының тізімін жариялаған. Тізімде 661 адамның аты-жөні аталған. Жоба деректері бойынша, 2024 жылдың аяғындағы мәлімет бойынша, ол тізімдегі 78 адам қаза тапқан деп есептеледі.

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
Вице-премьер былтырғы шегірткені бүгін еске алды

Қосымша құн салығының шегі 40 млн теңге болмақ

Соңғы жазбалар

«Ұсталғаны» айтылып, жоққа шығарылған министрдің кездесу өткізгені хабарланды

Президент «ұсталған» министрін Ақордаға алдыртты

26 сентября, 2025
Соттала беретін Саркози тағы да бес жыл жазаға кесілді

Соттала беретін Саркози тағы да бес жыл жазаға кесілді

26 сентября, 2025
Президент Қазақстанның Киев пен Мәскеу арасына араағайын емес екенін айтты

Президент Қазақстанның Киев пен Мәскеу арасына араағайын емес екенін айтты

24 сентября, 2025

24 сентября, 2025
Митингіні қуып таратушы полицей Жамбылдағы қызметінен де босады

Митингіні қуып таратушы полицей Жамбылдағы қызметінен де босады

23 сентября, 2025
Қазақстан министрлігі АҚШ президенті енгізген баж салығын түсіндірді

4 миллиард долларлық сауда. Трамп Тоқаевты құттықтады

23 сентября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.