• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

Ресей премьерінің орынбасары келген күні АЭС салынатын орын бекітілді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
26 февраля, 2025
Басты бет Жаңалықтар
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан үкіметі елдегі бірінші атом электр станциясы салынатын орын ретінде Алматы облысындағы Жамбыл ауданын ресми түрде бекітті. АЭС салуға қолайлы орын деп айтылып жүрген Балқаш көлі жағалауындағы Үлкен ауылы осы өңірге қарайды.

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлайды.

«Атом электр станциясы» ядролық қондырғысы салынатын аудан туралы қаулыға былтыр 30 желтоқсанда қол қойылған. «Алматы облысының Жамбыл ауданы – «Атом электр станциясы» ядролық қондырғысы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын», – делінген осы туралы құжатта. Қаулы 25 ақпаннан бастап күшіне енген.

Қазақстанда АЭС құрылысын салуға ниеттілер тізімінде Ресей («Росатом»), Қытай (CNNC), Франция (EDF) мен Оңтүстік Корея (KHNP) компаниялары бар. Биыл қаңтарда энергетика министрлігі елде АЭС-ті кім салатыны әлі нақты шешілген жоқ деп мәлімдеген. Оның алдында «Росатом» басшысы «Мәскеу мен Астана АЭС бойынша ортақ шешім қабылдауға бет бұрды» деп хабарлаған еді.

Энергетика министрлігі Қазақстан атом электр станциясын салуға қатысатын вендорлерді «ұлттық мүддені, халықаралық норманы ескере отырып таңдайды» деді. АЭС бойынша энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған Қазақстан делегациясы 21 қаңтарда Ресейге барған. Былтыр Оңтүстік Кореяға, Францияға және Қытайға сапарлап, келіссөз жүргізген.

Биыл қаңтардың басында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» мемлекеттік басылымына берген сұхбатында АЭС құрылысын тездету қажет деп айтқан. Бұған қоса ол елде «жақын болашақта екіншісін, бәлкім үшінші АЭС-ті де сала бастауымыз мүмкін» деп мәлімдеген.

Қазақстанда АЭС салу туралы жалпыхалықтық референдум былтыр 6 қазанда өтті. Байқаушылар референдумға дауыс беру кезінде заң талаптарын бұзу фактілері тіркелгенін, мысалы, референдум бюллетеньдерін дауыс беру жәшігіне топтап тастау секілді жайттар анықталғанын хабарлаған.

Орталық референдум комиссиясының ресми қорытындысына сай, дауыс берген азаматтардың 71 пайызы Қазақстанда АЭС салуды қолдаған. Президент Тоқаев АЭС-ті халықаралық консорциум салуы керек деп мәлімдеген.

Экологтардың көбі елде АЭС салуға қарсы. Олар атом электр станциясын салуға қолайлы орын деп айтылып жүрген аймақтағы Балқаш көліне АЭС кері әсер етеді деп есептейді. АЭС салуды жақтаушылар негізінен энергия тапшылығын алға тартады. Қоғам белсенділері мен саясаттанушылар АЭС-ті Ресей салатын болса, Қазақстан оған энергия жағынан тәуелді болып қалады деп алаңдайды.

Ал АЭС туралы құжат күшіне енген 25 ақпан күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей премьерінің орынбасары Александр Новакты қабылдады. Ақорданың хабарлауынша, кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылған. Әсіресе, кездесудегі энергетика саласындағы өзара ықпалдастық мәселесінің талқылануы назар аудартады. «Александр Новак Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізіп, елдеріміз арасындағы диалог пен ықпалдастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті» делінген ресми мәліметте.

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
Алаяқтыққа айыпталған шенеунік Өзбекстаннан Қазақстанға жеткізілді

Алаяқтыққа айыпталған шенеунік Өзбекстаннан Қазақстанға жеткізілді

Соңғы жазбалар

«Ұсталғаны» айтылып, жоққа шығарылған министрдің кездесу өткізгені хабарланды

Президент «ұсталған» министрін Ақордаға алдыртты

26 сентября, 2025
Соттала беретін Саркози тағы да бес жыл жазаға кесілді

Соттала беретін Саркози тағы да бес жыл жазаға кесілді

26 сентября, 2025
Президент Қазақстанның Киев пен Мәскеу арасына араағайын емес екенін айтты

Президент Қазақстанның Киев пен Мәскеу арасына араағайын емес екенін айтты

24 сентября, 2025

24 сентября, 2025
Митингіні қуып таратушы полицей Жамбылдағы қызметінен де босады

Митингіні қуып таратушы полицей Жамбылдағы қызметінен де босады

23 сентября, 2025
Қазақстан министрлігі АҚШ президенті енгізген баж салығын түсіндірді

4 миллиард долларлық сауда. Трамп Тоқаевты құттықтады

23 сентября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.