• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Маск министрге өз идеясын ұсынды ма? Шенеуніктің сөзі бұрмаланды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
07.02.2025
Вице-премьер былтырғы шегірткені бүгін еске алды
Share on FacebookShare on Twitter

Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге Қазақстан азаматы бюджет қаржысын тиімді пайдалану бойынша қызметін ұсынған. Министрдің сөзінше, ұсыныс АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінде америкалық миллиардер Илон Маск жүргізіп жатқан жұмысқа ұқсайды. Жұманғарин ол адамның аты-жөнін айтпады.

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады. Алайда осы жаңалық Қазақстандағы ақпарат ресурстарының кейбірінде Масктің Жұманғаринге жеке хабарласып, ұсыныс жасағаны тәрізді хабарланып кетті.

6 ақпанда сенатта Серік Жұманғарин салық реформасына, қосымша құн салығына қатысты журналистер сұрағына жауап берді.

– Маған президент Трамп әкімшілігінде Илон Маск мырза жүргізіп жатқан жұмыс сияқты идея ұсынылғанын жасырмаймын. Ол жақта мемлекеттік басқару тиімділігі департаменті бар. [Қазақстан азаматы] өз қызметін ұсынды, идеялары барын айтты. Мен оны шақырдым, «кел, бірге жұмыс істейік, жұмыс тобын құрайық» деп айттым, – деді министр.

Жұманғариннің сөзінше, әлеуметтік бюджетті қысқарту «өте қиын».

– Әлеуметтік бюджетке көп балалы аналар, балалар, қарттар, зейнеткерлер жатады. Біз – әлеуметтік мемлекетпіз. Мен бюджеттің басқа түрлерін қарау керек деп айттым. Біз қысқартуға қарсы емеспіз, мүлде. Ол ақылға қонымды болып, қарапайым адамға әсер етпеуі керек, – деді ұлттық экономика министрі.

Orda.kz сайтының жазуынша, Жұманғаринге идея ұсынған адам – экономист Рақым Ошақбаев. Әзірге ол желідегі парақшасында бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірмеді.

Трамптың инаугурациясынан кейін Space X және Tesla компанияларының басшысы, миллиардер Илон Маск басқаратын мемлекеттік басқару тиімділігі департаменті (DOGE) құрылған. Оның мақсаты – артық нормативтік актілерді алып тастау және шенеунік санын азайту.

Келесі
Хан Кененің өлімі үшін кешірім сұраған әншінің үстінен іс қозғалды

Хан Кененің өлімі үшін кешірім сұраған әншінің үстінен іс қозғалды

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.