• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
28 января, 2025
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қаңтарда Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында «қоғамдық пікірге теріс ықпал ету, биліктің беделін түсіру, ел ішінде алауыздық тудыру үшін жалған мәлімет таратып, ақпараттық шабуыл жасау» белең алып жатыр деді. Бірақ оған нақты мысал келтірмеді.

Азаттық радиосының хабарлауынша, Тоқаев цифрландыру дамыған сайын алаяқтық көбейіп барады деген.

– Мұндай әрекеттер азаматтар қауіпсіздігіне және елдегі тұрақтылыққа үлкен қатер төндіреді. Сондықтан интернет-платформаларда арандату сипатындағы ақпарат таратқандарды жауапқа тартуды заң жүзінде бекіту мәселесін ойластыру керек. Бірақ киберқауіпсіздікті күшейту шаралары цифрландыру үдерісіне тосқауыл болмауға тиіс, – деді Тоқаев.

Оның сөзінше, қоғамда мемлекеттің азаматтарды кибералаяқтардан қорғауға қабылдап жатқан шаралары нәтижесіз деген «қасаң пікір» қалыптасып келеді. Жыл сайын 20 мыңнан астам интернет-алаяқтық оқиғасы тіркеледі, қылмыстың 80 пайызға жуығы әшкереленбейді деді Қазақстан президенті.

– Үкімет құқық қорғау органдарымен және қаржы саласын реттеушілермен азаматтардың жеке дерегін қорғауды мейлінше қамтамасыз етуі керек, – деді Тоқаев.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы Қылмыстық және Әкімшілік кодексте жалған ақпарат тарату бойынша баптар бар.

Құқық қорғаушылар «Жалған ақпаратты жариялау, тарату» деген әкімшілік бап биліктің қолайына жақпайтын журналистерді, блогерлер мен белсенділерді қудалауға пайдаланатын құралға айналды деп санайды.

23 қаңтарда Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары кеңесінде Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы талқыға түсті. БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесінде өткен бірнеше сағатқа созылған жиында Германия «әкімшілік кодекстегі жалған ақпарат тарату анықтамасын нақтылауды» сұраған.

Келесі
Министр президенттік кеңеске сілтеп, жанармай бағасын өсіргелі отыр

Министр президенттік кеңеске сілтеп, жанармай бағасын өсіргелі отыр

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.