• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Оқиға

Ақтаудағы апат. Ресей іш тартқан мәліметтің ақиқат емесі айтылды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
24.01.2025
Әзербайжаннан Ресейге бет алған ұшақ Ақтау маңына құлады
Share on FacebookShare on Twitter

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтау түбіндегі ұшақ апатынан қайтыс болған қазақстандықтардың отбасына демеушілер тағы әлеуметтік көмек көрсететінін және желіде ұшақтың қара жәшігіне байланысты таралған ақпараттың шынайы жағдаймен айырмасы бар екенін айтты.

Кazinform агенттігінің хабарлауынша ол «әлдебіреудің интернетке әлдебір мәліметті жариялағаны ақиқат деген сөз емес. «Қара жәшіктегі» деректердің мазмұнынан үлкен айырмашылық бар,» — деген.

Еске салсақ, ресейлік телеграмм-арналардың бірінде Ақтауда түбінде құлаған ұшақтың «қара жәшігінен» алынды деген тақырыппен әлдебір мәлімет тараған болатын. Ол мәтінде әзербайжандық әуе компаниясына тиесілі ұшақтың экипажы Ресейлік диспетчерлер ұсынған әуежайды таңдамай, Ақтауға бет алғаны туралы айтылады. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та сол нұсқаға іш тартатынын байқатқан.

Қазақстан көлік министрлігі бұл мәселеге байланысты ресми дереккөзі жоқ, ғаламторда жарияланған дерекке түсініктеме бермейтіндерін мәлім еткен болатын.

Бұған дейін хабарланғандай, Ақтау түбіндегі ұшақ апатының алдын ала себептері келесі аптада айтылатыны белгілі болды. 

Бұдан алдын Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанның Ақтау қаласында құлаған Әзербайжан әуе компаниясының ұшағындағы қара жәшіктердің мазмұны туралы пікір білдірген. Оның айтуынша, жәшіктердегі деректер көп қызықты ақпарат бергенімен, БАҚ-та тараған апатқа қатысты мәліметтерді растамаған. Бұл туралы ол өткен жылғы ресейлік дипломатияның жұмыс қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында айтты. Ол «БАҚ-та тараған апатқа қатысты мәліметтер расталмады» дегенде БАҚ-та жарияланған шұрқ тесілген ұшақ қалдықтарын меңзеген. Сол кезде БАҚ-та аталмыш ұшақтың атып түсірілуі мүмкін екені туралы хабарланған.

Келесі
Қаңтар оқиғасында көзге түскен. «Дикий Арман» және серіктеріне сот үкімі шықты

Қаңтар оқиғасында көзге түскен. "Дикий Арман" және серіктеріне сот үкімі шықты

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.