• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Қаржылық былық туралы мәліметтен соң Назарбаев университеті жауап берді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
12.12.2024
Қаржылық былық туралы мәліметтен соң Назарбаев университеті жауап берді

Назарбаев университеті

Share on FacebookShare on Twitter

2024 жылдың екінші жартысында Қазақстан Жоғары аудиторлық палатасы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының 2017 жылдан 2023 жылға дейінгі қызметіне мемлекеттік аудит жүргізгенде анықталған жайлар бойынша университет жауап берді.

Университеттің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жалпы Жоғары аудиторлық палата Университеттің халықаралық білім беру мекемесіне айналып, айтарлықтай жетістіктерге жеткенін атап өтті.

— Университет білім беру бағдарламаларын халықаралық сапа стандарттарына сай етіп, білім беру мен ғылыми зерттеулер деңгейі жоғары екенін көрсетті. Бұл көптеген аккредитация және әлемдегі жетекші университеттермен серіктестіктермен расталады. Бұл ретте аудит барысында анықталған қаржылық бұзушылықтар бюджеттік бағдарлама шеңберінде студенттердің жол жүруі бойынша өтемақыны және мемлекеттік шәкіртақыларды есептеуге байланысты және Университеттің академиялық және ғылыми қызметіне қатысы жоқ. Аудиторлық есепке сәйкес, Университет және оның ұйымдары белгіленген тәртіппен ҚР Жоғары аудиторлық палатасының ұсынымдарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі, ол бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Жоғарыда аталған Жоспардың орындалу барысы туралы ақпаратты Университет Жоғары қамқоршылық кеңес пен Қамқоршылық кеңеске тұрақты негізде енгізіп отыратын болады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2024 жылы университетті республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 50%-ды құрайды, қалған сома эндаумент-қор және демеушілер, сондай-ақ білім беру, ғылыми-зерттеу және өзге де қызметтерді ұсыну есебінен жиналады.

«Конкурстық рәсімдерді қолданбай, сатып алу Назарбаев университетінің Қамқоршылық кеңесі бекіткен Сатып алу қағидаларында көзделетінін хабарлаймыз. Олар стратегиялық серіктес университеттерге, сондай-ақ академиялық және ғылыми қызмет саласында қызмет көрсететін басқа да контрагенттерге қатысты қолданылады. Өз тарапынан Университет ағымдағы қызметтегі көрсетілген кемшіліктерді жоюдан басқа, болашақта осындай тәуекелдерге жол бермеу үшін жұмыс істейтін болады. Бұл ретте Университет жаңа білім беру бағдарламаларын ашуды, ақылы негізде білім алушылар санын ұлғайтуды, жасанды интеллект жөніндегі жобаны және өзге де ғылыми жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, ғалымдар мен мамандарды даярлау жөніндегі өзінің стратегиялық міндеттерін іске асыруды толыққанды қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, коммерцияландыруға бағытталған және Қазақстанның дамуы мен өркендеуі үшін қажетті инновациялық ғылыми жобалар бойынша жұмыс істеуді жалғастырады, — деп түйіндеген университеттің баспасөз қызметі.

Осыған дейін Назарбаев университетінде 73 млрд теңгенің тиімсіз игерілгені хабарланған.

Келесі
Кәсіпкерлердің үстінен шағымданған Назарбаева сотта жеңілді

Экс-президенттер ерекше. Жеке мәліметтері мемлекеттік құпияға айналады

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.