• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қош бол, диктатор. Путин Асадқа саяси баспана берді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
09.12.2024
Қош бол, диктатор. Путин Асадқа саяси баспана берді

фото: ТАСС

Share on FacebookShare on Twitter

Сирияның экс-президенті Башар Асад Мәскеуге жетті, Ресей оған саяси баспана берді, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

Башар Асадқа және оның отбасына саяси баспана беру туралы шешімді Ресей президенті Владимир Путин қабылдағаны айтылуда. Бұл туралы Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге хабарлаған.

«Әрине, мұндай шешімдерді мемлекет басшысынсыз қабылдауға болмайды. Бұл — оның шешімі,» — деді Кремль өкілі.

Сонымен бірге, Кремль өкілі бұл туралы ресми мәлімдемелер болмағанын, «кеше дереккөзден ақпарат тарағанын» атап өтті.

«Мен қазір бұл тақырып бойынша ештеңе айта алмаймын, «- деп атап өтті Песков.

27 қарашада қарулы оппозициялық құрылымдар Алеппо мен Идлиб провинцияларында Сирия армиясының позициясына үлкен шабуыл жасады. 7 желтоқсанда кешке қарай олар бірнеше ірі қалаларды (Алеппо, Хама, Дераа және Хомс) басып алып, 8 желтоқсанда Димашыққа кірді, Сирия үкімет күштерінің бөлімшелері қаладан кетті. Сирия үкіметінің басшысы Мұхаммед Ғази Әл-Жалали республикада билікті бейбіт жолмен беруге дайын екенін білдірді. Оппозиция да елде белгілі жүйе қалыптасқанға дейін бұрынғы үкімет өзі қызметін жалғастыра беруге келіскенін хабарлаған.

Башар Асад билігі кезінде үкіметтік күштердің қолынан мыңдаған адам қаза тапты.

Путин бұған дейін өз еліндегі төңкерістен қашқан Қырғызстанның бірінші президенті Асқар Ақаев пен Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичке саяси баспана бергені белгілі.

Келесі
Қаза кезінде Шерзат Полаттың әкесін ұстап әкетті

Қаза кезінде Шерзат Полаттың әкесін ұстап әкетті

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.