• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаһан

Мемлекеттігін мойындамайтын елмен мәміле. Иран мен Израиль бітімге қадам басты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
24 июня, 2025
Иран-Израиль қақтығысынан қаза тапқандар мен жараланғандар саны артты
Share on FacebookShare on Twitter

24 маусымда АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иран бітімге келді деп жариялады. 13 маусымнан бері бір-біріне әуеден шабуыл жасап келген Израиль мен Иран оқ атпау туралы ұсынысқа келіскенін мәлімдеді. Израиль мен Иран арасында атысты тоқтату режимі күшіне енді.

Бұл туралы 24 маусым күні таңертең АҚШ президенті Дональд Трамп хабарлады. «Оны бұзбаңыздар», — деп ескертті Трамп.

Содан біршама уақыт бұрын Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Израиль атысты тоқтатуға келіседі деп мәлімдеген. Ол басқаратын үкіметтің мәлімдемесінде Израиль 13 маусымда Иранға қарсы бастаған операцияда Тегеран тарапынан төнген ядролық және зымыран қаупін жойып, барлық мақсатына жеткені айтылған.

«Израиль [АҚШ] президентінің атысты екіжақты тоқтату туралы ұсынысына келіседі. Израиль атысты тоқтату [режимін] бұзған кез-келген әрекетке батыл қимыл танытатын болады», — делінген мәлімдемеде.

Нетаньяху АҚШ-қа және президент Трамптың жеке өзіне «Израильдің қорғанысына қолдау білдіргені және Иран тарапынан төнген ядролық қауіпті жоюға қатысқаны үшін» алғысын жеткізген.

Бұған қоса мәлімдемеде «Израиль мемлекеті тарихи ұлы жетістіктерге жетіп, әлемдік державалар қатарына қосылғаны» айтылған.

Сейсенбі күні таңертең Израиль 13 маусымнан бері жабық тұрған әуе кеңістігі ашылғанын хабарлады.

Израильге дейін Иран билігі де атысты тоқтатуға келісетінін мәлімдеген. Сейсенбі күні таңертең Иранның мемлекеттік телеарнасы Израильмен арадағы қарулы қақтығыста атысты тоқтату режимі басталғаны жайлы ақпарат таратты.

Ал Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Х әлеуметтік желісіндегі парақшасына: «Дәл қазір атысты доғару немесе әскери іс-қимылды тоқтата тұру туралы ЕШҚАНДАЙ «келісім» болған жоқ. Алайда, егер израильдік режим Иран халқына қарсы заңсыз басқыншылығын Тегеран уақытымен таңғы төрттен кешіктірмей доғаратын болса, біздің одан кейін қарымта әрекеттерді жалғастыру ниетіміз жоқ», — деп жазды.

Сейсенбі күні таңертең Астана уақыты бойынша шамамен 8:30 кезінде Израильдің солтүстігінде әуе дабылы жарияланып, Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) әуеге зымырандар ұшырылғанын, оларды, болжам бойынша, Иран ұшырған болуы мүмкін деп мәлімдеді. Бірқатар хабарламаларға қарағанда, бір немесе екі зымыран ұшырылған. Израильдік БАҚ ол зымыран немесе зымырандар атып түсірілген деп хабарлады.

Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац Иранды атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптап, Израиль «Тегеранның қақ жүрегіндегі Иран режимінің нысандарына қарқынды шабуылдар жасап» қарымта қайтарады деп мәлімдеген. Кацтың сөзін израильдік ақпарат құралдары жазды.

Келесі
АҚШ баспасөзі Трамптың Иран ядролық бағдарламасын «жоя алмағанын» хабарлады

АҚШ баспасөзі Трамптың Иран ядролық бағдарламасын "жоя алмағанын" хабарлады

Соңғы жазбалар

Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

13 ноября, 2025
Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

11 ноября, 2025
Ғалым Доскен дүниеден өтті

Ғалым Доскен дүниеден өтті

11 ноября, 2025
ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

10 ноября, 2025
Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

7 ноября, 2025
Қилы кезең: «Тамыз бүлігі» кезінде Назарбаев не істеді?

Қилы кезең: «Тамыз бүлігі» кезінде Назарбаев не істеді?

6 ноября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.