Үкімет Алматы облысында екінші атом электр станциясын (АЭС) салу туралы шешімді мақұлдады.
«Екінші атом электр станциясы» ядролық қондырғысын (бұдан әрі – ядролық қондырғы) салу және Алматы облысының Жамбыл ауданы – ядролық қондырғы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын», — делінген үкімет қаулысында.
Қаулыға сәйкес, елдегі екінші АЭС те Алматы облысы Жамбыл ауданы аумағында салынады деп белгіленді.
Үкімет елдегі алғашқы АЭС Алматы облысы Жамбыл ауданында, Балқаш көлінің жағасындағы Үлкен ауылының маңында салынады деп былтыр ақпанда ресми түрде бекіткен. 14 маусымда үкімет алғашқы АЭС-ті Ресей салып береді деп мәлімдеген. Жаңа нысан «Балқаш» атом электр станциясы деп аталмақ.





