• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Таңдаулы

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
18.03.2026
Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды
Share on FacebookShare on Twitter

Бас прокуратура қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталғанын мәлімдеді. Прокуратура «Боқаев аса ірі мөлшерде қаржыны алаяқтық жолмен жымқырды, жалған ақпарат таратты және қоғамды теріс пікір қалыптастыру мақсатында видео жариялады» деп айыптайды.

«Боқаев жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы бейнематериалдар жариялады деген күдікке ілінді,»- деп мәлімдеген бас прокуратура.

Санжар Боқаев былтыр желіде Алматы қаласы Баум бағындағы мыңдаған ағашты әлдекімдердің кесіп тастағанын көрсеткен. Бұған қоса, Үлкен Алматы өзені бойындағы гранит тастарды әлдекімдер бас пайдасына жарату үшін әкетіп жатқанын әшкерелеген. Тағы бір видеосында Алматы қаласының орталық бөлігінде бюджет қаражатына алынған жабын тастарды (брусчатка) тиеп алған әлдебір жүк көлігі Алматы іргесіндегі Жандосов ауылына барып, әлгі заттарды біреудің жеке үйіне түсіргені көрсетілген.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қалада асфальт опырылып, гранит пен жабын тасты алып тастау оқиғалары шу болып жатқан тұста Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиевке қатаң сөгіс берген. Бостандық ауданы әкімінің орынбасары қызметінен алынды. Медеу ауданы Уәлиханов бульварындағы жабын тастарды «заңсыз алып, плиткаларды жеке үйге жеткізу оқиғасына» байланысты Медеу ауданы әкімі Еркебұлан Оразалинге де сөгіс жарияланған.

Боқаев желіде видеолары көп тарай бастаған тұста оның Instagtram-парақшасы өшірілген. Кейін белсенді АҚШ-қа кетіп, елге қайта оралған еді.

Кейінгі сұхбатында ол «қоғамдық жұмыстан жалыққанын», жемқорлықтың нақты дәлелдерін көрсетсе де, шынайы нәтиже жоғын айтып, АҚШ-қа қоныс аудару ниеті барын айтқан. «Мемлекетке де, қоғамға да керегі болмаса, мұның бәрін көрсетудің мәні не?» деген еді.

Боқаев жаңа Конституция жобасын да сынап, оны бұл күйінде қабылдауға болмайды деген.

Санжар Боқаевтың негізгі мамандығы — саясаттанушы, саясаттану бойынша философия докторы (PhD). Қазақстанның стратегиялық зерттеу институтында ғылыми қызметкер болған. 2012-14 жылдары Алматы қаласында жастар ісі басқармасын, одан соң ішкі саясат басқармасын басқарды, «ҚазТрансГаз» компаниясы басқарма төрағасының кеңесшісі, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары болған.

Tags: бас прокуратураБоқаевСанжар

Соңғы жазбалар

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

18 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлауға кедергі» деген белсенді референдумнан соң үйқамаққа шықты

17 марта, 2026
Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

16 марта, 2026
«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

15 марта, 2026
АҚШ-тың Иран соғысында алыс қашықтыққа ататын қаруын түгескені хабарланды

АҚШ-тың Иран соғысында алыс қашықтыққа ататын қаруын түгескені хабарланды

13 марта, 2026
Ормуз – қысым құралы. Кіші Хаменеи көпке көрінбей алғашқы үндеуін жолдады

Ормуз – қысым құралы. Кіші Хаменеи көпке көрінбей алғашқы үндеуін жолдады

12 марта, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.