• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Таңдаулы

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
15.03.2026
«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасы референдумында дауыс беріп, Қазақстанның Иран туралы қазіргі ұстанымы туралы айтты

«Қазақстан халықаралық қақтығыстарды әрдайым дипломатиялық жолмен шешуді жақтайды. Сіз бұл ұстанымды жақында Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдемелеріңіз арқылы растадыңыз. Сондай-ақ Шығанақтағы бірқатар мемлекет басшысымен телефон арқылы сөйлесіп, оларға қолдау білдірдіңіз. Бірақ Иран президентімен сөйлеспедіңіз. Бұл Қазақстанның бейтарап ұстанымынан айнып, араб елдерін қолдайтынын білдіре ме?» — деген журналист сұрағына президент мынандай уәж айтты. 

— Қазақстан әлемге бейбіт ел ретінде белгілі. Кез келген қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуді жақтаймыз. Бұл –айнымас ұстанымымыз. Таяу Шығыста орын алған жағдайдың түрлі себебі бар. Мен мұны жақында өткен алқалы жиында да айтқанмын. Расында, Шығанақтағы араб елдерінің басшыларымен телефон арқылы сөйлестім, тілектес екенімді жеткіздім. Ал Иран президенті Масуд Пезешкианның жақында елімізге ресми сапармен келгенін білесіздер. Сол кезде жақсы әсер қалдырды. Ол — зайырлы көзқарастағы адам, өзі кардиохирург. Мен оның Иран Шығанақ елдеріне шабуыл жасамайды деген мәлімдемесін құптадым. Тіпті, ол Иранның атынан кешірім сұрады. Алайда кейін оның мәлімдемесі жоққа шығарылды. Иран араб елдеріне шабуыл жасауды әлі тоқтатқан жоқ. Бұдан Иран президентінің билікке толық ие емес екені көрінеді. Ол анық. Мен ешкімді айыптамаймын, жай ғана факті ретінде айтып отырмын. Бұл Иран билігінің ерекшелігіне байланысты деп ойлаймын. Бір жағынан діни билік үстемдік етеді. Өйткені Иранда діни билік негізгі бағыт-бағдарды айқындап, шешім қабылдайды. Президент те бар, бірақ ол — формальды мемлекет басшысы, іс жүзінде ықпалды тұлға саналмайды, — деген Қазақстан басшысы мұның ар жағындағы қос билік мәселесіне де тоқталған.

— Жалпы, кез келген елде, соның ішінде Қазақстанда қос билік болмауға тиіс. Кезінде мұндай жүйені біз де бастан өткердік, бірақ баянсыз болды. Төрт жыл бұрын еліміздің ішкі тұрақтылығына қауіп төнді. Бұл Қазақстанға да, басқа мемлекеттерге де үлкен сабақ болды деп ойлаймын. Біз Иран халқына, оның мәдениеті мен тарихына құрметпен қараймыз. Сондықтан өз ұстанымымыздан айныған жоқпыз, әрдайым бейбітсүйгіш ел болып қала береміз, — деген президент Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы Нұрсұлстан Назарбаевтың орнына билікке келгенде, Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы ретінде басымдыққа ие болып қалды. Елде қос билік туралы айтылғанда билік мінберлерінен сөйлегендер оны жоққа шығарып отырды. 2022 жылғы 238 адам қаза тапқан Қаңтар оқиғасы кезінде президент Тоқаев төраға Назарбаевтың құзіретін қысқартып, оны сынай бастаған.

Қазақстанда бүгін, жексенбі, 15 наурызда, 1995 жылы Назарбаев тұсында қабылданған Негізгі заң негізінде жаңартылған Конституция жобасына арналған референдум өтіп жатыр. Жаңа Конституция жобасында қос палаталы парламенттен бір палаталы парламентке көшіп, оны Құрылтай атау көзделген. Бұл жобада өзін-өзі парламент мүшелігіне ұсыну институтын жою көзделген – депутаттар партиялық тізім бойынша ғана сайлана алады. Жобада заң шығару бастама құқығы бар кеңесші орган – Халық кеңесін құру да көзделген. Бірақ оның қалай құрылатыны әзірге айқын емес. Тоқаев бұған дейін Халық кеңесіне мүше 166 адамды президент тағайындайды деп айтқан

Tags: ИранҚос билікНазарбаевПезешкианТоқаевшығанақ

Соңғы жазбалар

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

15 марта, 2026
АҚШ-тың Иран соғысында алыс қашықтыққа ататын қаруын түгескені хабарланды

АҚШ-тың Иран соғысында алыс қашықтыққа ататын қаруын түгескені хабарланды

13 марта, 2026
Ормуз – қысым құралы. Кіші Хаменеи көпке көрінбей алғашқы үндеуін жолдады

Ормуз – қысым құралы. Кіші Хаменеи көпке көрінбей алғашқы үндеуін жолдады

12 марта, 2026
дрон, Иран

Тоқаев Тегеранды тағы бір мәрте айыптап үлгерді

11 марта, 2026
Ахеменидтер елі Хаменеилер еліне айналды. Иранда жаңа жетекшінің аты-жөні жарияланды

Ахеменидтер елі Хаменеилер еліне айналды. Иранда жаңа жетекшінің аты-жөні жарияланды

9 марта, 2026
Иранның Әзербайжандағы зымыран шабуылы. Қазақстан қатаң айыптады

Иранның Әзербайжандағы зымыран шабуылы. Қазақстан қатаң айыптады

6 марта, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.