• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Тоқаев жалған ақпарат таратпайды». 7 трлн теңгенің жыры дауға ұласты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
20.02.2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды
Share on FacebookShare on Twitter

Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 7 трлн теңгенің «аударылуы» туралы сөзінің дұрыстығын қуаттады. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады. Бірақ бұл мәселенің соңы ұлттық банк төрағасы орынбасарының қызметтен кетуіне ұласты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалған ақпарат таратпайды. Егер ол 7 трлн теңгенің көлемінде транзакциялар (қаражат аудару) болғанын айтса, демек, солай болған. Негізі бұл ақпарат қаржылық мониторинг агенттігінде өткен кеңеске қатысушыларға арналған болатын. Мұны жалпы жұртшылықтың талқылауына салу ойында болмаған. Яғни, тек қызметтік сипатта айтылды деген дұрыс. Ал транзакцияларды өткізген банк әңгіменің қай банк жайында екенін біліп отыр. Президент саяси мақсат пен дипломатиялық протокол талаптарын ескере отырып, транзакциялық қаражаттың қай елден шыққанын, оның қандай мемлекетке кеткенін, сондай-ақ санкциялық режим белең алып тұрған жағдайда осындай әрекетке барған қай банк екенін де әдейі айтпады», — деп түсіндірді жұма күні ҚазТАГ редакциясына президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов президент Тоқаевтың қазақстандық банктердің бірі арқылы іргелес мемлекеттен шетелге 7 трлн теңгенің «аударылуы» туралы сөзінің растығына күмән келтірген болатын. Сондайда ұлттық банк төрағасының орынбасары құқықбұзушылықтардың жоқ екенін мәлімдеген.

Артынша президент Тоқаев ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловты «өзінің берген өтінішіне сәйкес» қызметінен босатқан.

Қалыптасқан жағдай көрінеу жалған ақпарат үшін жауапкершілікке қатысты қос стандарт саясаты төңірегіндегі пікірталастарды жандандырды. Журналистер мен белсенділер қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқанда, қоғамды жаңылыстырған лауазымды тұлғалар мен күштік құрылым өкілдері жазасыз қалып отыр деген ойда қалдырған.

Еске салсақ, 28 қаңтарда қаржылық мониторинг агенттігінде (ҚМА) өткен кеңесте Тоқаев ведомство төрағасы Жанат Элиманов оған 2025 жылы іргелес елден қазақстандық банктердің бірі арқылы басқа елдерге 7 трлн теңгеден астам қаражат «аударылғаны» туралы баяндағанын айтып, осыған байланысты ҚМА-ға, сондай-ақ қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен ұлттық банкке нақты тапсырма берген болатын.

29 қаңтар күні түстен кейін бірқатар банктер ҚазТАГ агенттігіне осынша қаржының «аударылуы» схемасына қатысы жоқ екенін мәлімдеді, ал 29 қаңтар кешке қарай Тоқаев атаған схемаға қатысын жоққа шығарған банктердің тізімі тіптен кеңейген.

Tags: 7 трлнТеңгетранзакциялар
Келесі
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасын сынаған адам 15 тәулікке қамалды

Соңғы жазбалар

Алматы облысында Мәскеудегі «Путинді қорлағандар» іздестіріліп жатыр

Алматы облысында Мәскеудегі «Путинді қорлағандар» іздестіріліп жатыр

4 марта, 2026
Таяу Шығыстағы соғыс. Қазақстан Иран басшыларына емес – халқына көңіл айта қалды

Таяу Шығыстағы соғыс. Қазақстан Иран басшыларына емес – халқына көңіл айта қалды

3 марта, 2026
Қазақстан министрлігі АҚШ президенті енгізген баж салығын түсіндірді

Әуе шабуылдарынан кейін. Трамп Иранның келіссөз ұсынғанын, өзінің келіскенін айтты

2 марта, 2026
Ирандағы шабуыл. Хаменеидің «қаза тапқаны» хабарланды 

Ирандағы шабуыл. Хаменеидің «қаза тапқаны» хабарланды 

1 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

26 февраля, 2026
Депутат сауалы. Қазақ шенеуніктерін Эпштейнмен не байланыстырады?

Депутат сауалы. Қазақ шенеуніктерін Эпштейнмен не байланыстырады?

26 февраля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.