• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

7 трлн теңгенің жыры. Мәлімет Ақордадан бастап өзге де сайттардан өшірілді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
29.01.2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды
Share on FacebookShare on Twitter

28 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі банктердің бірі шетелдерге 7 триллион теңгеден (шамамен 14 млрд доллар) аса қаржыны заңсыз «жөнелткені» жайлы сөзі Ақорда сайтынан алынып қалды.

Азаттықтың хабарлауынша, басқа да бірқатар қазақстандық сайттар да Тоқаевтың осы сөзі айтылған видео мен мәтінді алып тастағаны байқалды.

Ақорда және басқа да сайттар президенттің бұл сөзін неге алып тастағанын әзірге түсіндірмеді.

Сол күні президент Тоқаев қаржы мониторинг агенттігіндегі жиында «Жақында [Қаржы мониторинг агенттігінің] төрағасы [Жанат] Элиманов қазақстандық банктердің бірі арқылы былтыр көршілес елден басқа мемлекеттерге 7 триллион теңгеден астам қаржы «жөнелтілгені» туралы баяндады,»- деген еді.

«Менің ойымша, бұл – заңға, экономикаға, тіпті саясатқа қайшы келетін ерсі жағдай. Өкінішке қарай, мұндай алаяқтық қаржы схемаларына қатысты фактілер азаймай тұр. Осыған дейін айтқанымдай, бұл кесел әлеуметтік саланы да жайлады. Мемлекет қаржысын жымқырушылардың заңды белден басқан қомағай әрекеті еш ақылға сыймайды,»- деген Тоқаев.

Президент 7 трлн теңгені шетелге қай банк жібергенін, ақша қай елдерге шыққанын ашып айтпаған.

Ертесі, 29 қаңтар таңертең президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің көмекшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібайды қызметінен босатты. Оның орнына өткен айда ғана Ақордаға ішкі саясат бөлімінің басшылығына қызметке барған Айбек Смадияров президенттің баспасөз хатшысы әрі президенттің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл оқиғаның 7 триллион теңгенің жырына қатысы бар-жоғы белгісіз.

Келесі
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Соңғы жазбалар

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

21 марта, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

19 марта, 2026
Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

18 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлауға кедергі» деген белсенді референдумнан соң үйқамаққа шықты

17 марта, 2026
Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

16 марта, 2026
«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

15 марта, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.