• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Зеленский 20 тармақтан тұратын бітім жобасын жариялады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
24 декабря, 2025
Зеленский атысты 30 күнге тоқтатуды ұсынып, Путинді айыптады
Share on FacebookShare on Twitter

Украина президенті Владимир Зеленский журналистермен брифинг кезінде Америка ұсынған бейбітшілік жоспарының жай-жапсарын айтты. Зеленскийдің сөзінше, бұл ұсыныстарға қатысты Ресей жағының жауабы сәрсенбі күні-ақ белгілі болып қалуы мүмкін.

Зеленскийдің сөзін тұжырып айтқанда бітім бойынша мынандай мәселелер айқындалуы керек.

Украина әскерінің саны 800 мың сарбаздан артық болмауы керек.

АҚШ, НАТО және Еуроодақ солтүстікатлантикалық келісімнің 5-бабына ұқсас шарт бойынша Украина қауіпсіздігіне кепілдік береді.

Ресей Украинаға шабуыл жасамайтынын заңнамалық тұрғыда бекітуі керек.

Украина келісімде көрсетілген мерзімде Еуроодаққа қосылуы керек. Украина ядролық қаруы жоқ ел болып қалады.

Запорожье атом электр станциясын Украина, Ресей мен АҚШ ортақ басқарады. Зеленскийдің айтуынша, Украина мұндай шешімді қолдамайды және атом станциясын Украина Ресейсіз АҚШ-пен бірге басқаруы керек деп санайды.

Жер мәселесі: бейбітшілік келісіміндегі ең күрделі тұсы — осы. Украина атысты майдан сызығында тоқтатуды талап етеді. Ал Ресей украин күштерін Донецк облысынан тұтас әкетуді талап етеді. АҚШ тараптарды ымыраға келтіру үшін Донецк облысында еркін экономикалық аймақты құруды ұсынған. Бірақ Зелеснкийдің сөзінше, Украина президенті мұны тек референдум арқылы шешу керек. Ал оны ұйымдастыру үшін атысты кемінде екі айға тоқтату керек. Украинаның Днепропетровск, Сумы, Харьков және Николаев облыстарынан Ресей әскерін әкетуі керек.

Бейбітшілік келісіміне тараптар қол қойғаннан кейін Украинада сайлау “мүмкіндігінше жылдам” өтеді.

Бейбітшілік келісімінің орындалуын Дональд Трамп жетекшілік ететін бейбітшілік кеңесі бақылайды. Оған Еуропа елдері мен НАТО өкілдері де қатысады.

Тараптар осы келісімге келіскеннен кейін атыс бірден тоқтайды.

Келесі
Әзербайжаннан Ресейге бет алған ұшақ Ақтау маңына құлады

Жыл өткенде. Қазақстандағы комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты себебін шамалап түсіндірді

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.