• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Каспий құбыр желісіне шабуылдан кейін қазақ мұнайын өндіру азайған

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
5 декабря, 2025
«Соғысты тоқтатуға мәжбүрлеу». Киев Астананың наразылығына жауап берді
Share on FacebookShare on Twitter

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) инфрақұрылымына шабуылдан кейін Қазақстан желтоқсанның басында мұнай мен газ конденсатын өндіруді қараша айындағы орташа көрсеткіштен 6 пайызға, яғни, тәулігіне 1,9 миллион баррельге дейін азайтты. Бұл жөнінде жағдайдан хабары бар дереккөздің мәліметіне сүйеніп есептеген Reuters осылай деп жазды, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Қазақстанның энергетика министрлігінің баспасөз қызметі Reuters-тің желтоқсан айындағы мұнай өндірісі көлемі мен шикізатты әртараптандыру жоспарына қатысты сұрақтарына жауап бермеген.

Бұған дейін Қазақстан энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров Қазақстан мұнайы КҚК арқылы «шектеусіз» экспортталып жатқанын айтқан. Ал Қазақстан ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Каспий құбыр консорциумының екінші айлақ құрылғысының (ВПУ-2) істемей қалуынан бюджетке айтарлықтай зиян келмейді деген.

Өткен аптада украиналық экипажсыз катерлер Новороссийскідегі Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалына соққы жасағаннан кейін екінші айлақ құрылғысы істен шыққан. Осы құбыр арқылы мұнайының басым бөлігін халықаралық нарыққа шығаратын Қазақстан ізінше «мұнай тасымалдаудың балама бағыттарын» қарастырады деген.

Reuters дереккөзінің айтуынша, консорциум қараша ортасында бастаған үшінші айлақ қондырғысын жөндеуді аяқтап, экспорт көлемін тезірек қалпына келтіруге тырысып жатыр.

Қазақстан желтоқсан айында мұнайды түрлі балама бағыттар бойынша тасымалдамақ, алайда дереккөздердің айтуынша, теңізге шыға алмайтын Қазақстанның шикізатты тасымалдау мүмкіндігі шектеулі, себебі Ресейдің құбыр желісіне дрондардың соққысынан кейін салмақ түскен.

Қазақстан желтоқсан айында Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры арқылы 60 мың тоннаға артық мұнай айдамақ. Алайда бұл бағыт бойынша жеткізу көлемі Ақтау портындағы жүкті ауыстырып тиеу мүмкіндігі мен мұнай сапасына қатысты қойылатын талаптарға орай шектеліп отыр.

Қазақстан Атасу-Алашанькоу арқылы Қытайға айына 85.000-86.000 тонна мұнай тасымалдайды, бірақ Каспийдегі кеніштерден мұнай бұл бағыт бойынша тасымаланданбайды.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Новороссийскідегі КҚК инфрақұрылымына шабуылға байланысты өткен аптада Украинаға наразылық білдірген. Оған жауап берген Украина СІМ шабуыл Қазақстан немесе басқа үшінші елге бағытталмағанын, бар мақсаты басқыншының әрекетін тежеу екенін айтқан. Ресми Киев «Қара теңіз бен одан тыс аумақты тұрақсыздандырып отырған жалғыз фактор — Ресей басқыншылығы» екенін атап өткен.

КҚК – Қазақстан мен Ресей және әлемдегі жетекші мұнай өндіруші компаниялар қатысатын аса ірі халықаралық жоба. Құбырдың ұзындығы 1,5 мың шақырым. КҚК негізінен Батыс Қазақстан мұнайы мен Ресей мұнайын тасымалдайды. Каспий құбыр консорциумының 24 пайызына — Ресей, 19 пайызына Қазақстан иелік етеді. Қалған ірілі-ұсақ акциялар Батыстың бірнеше ірі мұнай өндіруші компаниясына тиесілі.

Келесі
ҚазТАГ «жалған ақпарат таратты» деген күдікке ілінді.

ҚазТАГ "жалған ақпарат таратты" деген күдікке ілінді.

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.