• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Бекінген президент берілді. Юн Сок Ель қамауға алынды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
15.01.2025
Бекінген президент берілді. Юн Сок Ель қамауға алынды
Share on FacebookShare on Twitter

Оңтүстік Кореяда биліктен шеттетілген президент Юн Сок Ель қамауға алынды. Бұл жөнінде BBC ақпарат агенттігі жазды деп хабарлайды Азаттық радиосв. Желтоқсанда ол елде әскери жағдай енгізуге тырысқаннан кейін парламент оған импичмент жариялаған.

Бұл — Оңтүстік Кореяның тарихында биліктен шеттетілсе де, қазіргі президенттің алғаш рет тұтқындалуы.

Сәрсенбі күні президент резиденциясы алдында ұзақ уақытқа созылған текетірестен кейін тергеушілер Юн Сок Ельді жемқорлықты тергеу бюросына жеткізе алған.

Оның алдында Юн Сок Ель қысқа видеомәлімдеме жасап, қамауды заңсыз деп атаған. Алайда қантөгіс болмас үшін тергеушілер мен полицияның бұйрығына бағынатынын айтқан.

Желтоқсан басында Юн Сок Ель парламентті бақылауға алған оппозициямен күресін жалғастыруға талпынып, елде әскери жағдай енгізбек болған. Бұдан кейін парламент оны елде «төңкеріс жасамақ болды» деп айыптап, 14 желтоқсанда оған импичмент жариялаған.

Конституциялық сот оны биліктен уақытша немесе түбегейлі түрде шеттету туралы шешімді әлі қабылдамаған.

Юнның өзі желтоқсанда «мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген» айыпты жоққа шығарып, мұндай қадамға «үкіметтің жұмысын тұралатқан оппозициядан мемлекетті қорғау үшін» жасауға мәжбүр болғанын айтқан.

Бірінші рет тергеушілер Юнды 3 қаңтарда қамауға алмақ болған, алайда президенттің күзетшілері бұған жол бермеген.

Бұл жолы тергеушілер мен полиция резиденцияға таңғы сағат 4:20-да барған, жемқорлықты зерттеу бюросы 10:30 шамасында Юнды тұтқындағанын хабарлады.

Екі жақ арасында келіссөз ұзақ жүрген. Келіссөз кезінде Юнның тергеуге бару-бармау мәселесі қозғалған. Жемқорлықты зерттеу бюросы бәрібір президент ресми түрде қамалуы керек деп мәлімдеген.

Парламенттегі демократиялық партия жетекшісі Пак Чан Дэ Юнның қамалуы – Оңтүстік Кореяда әділ сот әлі де бар екендігін айғақтайды деді.

BBC-дің жазуынша, «Юнның қамалуы саяси дағдарыстың аяқталғандығынан» хабар бермейді – ол оның кезекті фазасына көбірек ұқсайды.

Заң бойынша, тергеушілер Юнды екі тәулік қамауда ұстай алады, осы уақыт аралығында сот оны қамауға рұқсат беруі керек немесе президент босап шығуға тиіс.

Келесі
Зейнеткерлікке жол. АҚШ елшісі дипломатиядағы қызметін Қазақстанда аяқтады

Зейнеткерлікке жол. АҚШ елшісі дипломатиядағы қызметін Қазақстанда аяқтады

Соңғы жазбалар

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

25 июля, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Прокурор Ермек Нарымбаевты 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

24 июля, 2026
Президент сайлау айын жариялағанда «қайта құру» туралы айтты

Сайлауда сауалнама жүргізетін ұйымдар аталды

22 июля, 2026
Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

20 июля, 2026
ҰҚШҰ әскерінің құзырын кеңейтетін заң жобасы мәжіліске түсті

145 орындық құрылтай депутаттығына жеті партиядан 546 кандидат ұсынылды

16 июля, 2026
Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

14 июля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.