• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Дағыстандағы қанды шабуыл. «Единая Россия» бөлімшесінің хатшысы ұсталды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
24 июня, 2024
Дағыстандағы қанды шабуыл. «Единая Россия» бөлімшесінің хатшысы ұсталды
Share on FacebookShare on Twitter

Дағыстандағы Дербент қаласында кеше кешке белгісіз біреулер автомат қаруымен шіркеу мен синагоганы атқылады. Бұл туралы Дағыстан ішкі істер министрлігіне сілтей отырып ТАСС агенттігі хабарлады. Шабуылдан соң синагога өртке оранды.

Шабуылдағандардың кім екені белгісіз, олар көлікке мініп қашып кеткен.

Соңғы мәліметттерге қарағанда шабуыл салдарынан кемінде 9 адам қаза болды, оның бірнешеуі – полиция қызметкері. Одан бөлек, 25 адам зардап шеккен. БАҚ шіркеу қызметкері көз жұмды деп хабарлады.

Дағыстан астанасы Махачкала қаласында да белгісіз адамдар жол полициясы қызметіне шабуылдаған.

Дағыстан қоғамдық бақылау комиссиясының жетекшісі Шәміл Хадулаевтың сөзінше, Дербентте шіркеу қызметкері өлтірілген, Махачкалада шіркеу күзетшісі қаза тапқан.

«Маған түскен ақпаратқа қарағанда, Дербент шіркеуіндегі Николай әкейді бауыздап өлтіріп кеткен. 66 жаста болатын, дімкәстігі бар еді. Махачкала-1 шіркеуінің газ тапаншасымен ғана қаруланған күзетшісі Михаилді атып тастаған. Дін қызметкерлері шіркеуде бекініп алған, көмек күтіп отыр» дейді ол телеграм-арнасында.

Терроризмге қарсы ұлттық комитеттің мәліметінше, жексенбі күні Дербент пен Махачкалада екі шіркеуге, бір синагогаға және жол полициясы қызметіне шабуыл жасалған. Тергеу комитеті теракт жөнінде қылмыстық іс қозғаған.

Ішкі істер министрлігінің кейінгі дерегіне қарағанда, Махачкалада шабуылдаған екі адам өлтірілген, кемінде екі адам «Березка» жағажайының аумағында ұсталған.

Ресей құрамындағы Дағыстанда Сергокалин ауданының басшысы және «Единая Россия» партиясының жергілікті бөлімшесінің хатшысы Магомед Омаров ұсталды. Полиция оның үйін тінткен.

Мемлекеттік ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Омаровтың екі ұлы және оның жиені синагога мен полицейлерге жасалған шабуылға қатысқан. «Интерфакс» сайты құқық қорғау органдарындағы аноним дереккөздерге сүйеніп, шабуыл жасағандар өлді және олардың кім екені анықталды деп хабарлады.

Келесі
Маңғыстаудағы жұмысшылар ереуілге шықты

Маңғыстаудағы жұмысшылар ереуілге шықты

Соңғы жазбалар

Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

13 ноября, 2025
Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

11 ноября, 2025
Ғалым Доскен дүниеден өтті

Ғалым Доскен дүниеден өтті

11 ноября, 2025
ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

10 ноября, 2025
Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

7 ноября, 2025
Қилы кезең: «Тамыз бүлігі» кезінде Назарбаев не істеді?

Қилы кезең: «Тамыз бүлігі» кезінде Назарбаев не істеді?

6 ноября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.