• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығында бір де бір мембағдарлама соңына дейін іске аспағаны айтылды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
13 июня, 2024
Ресейге салынған санкцияның Қазақстанның бидай экспортына әсері айтылды
Share on FacebookShare on Twitter

Елде азық-түлік қауіпсіздігі туралы заң жобасы қабылдануы қажет. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев бастама көтерді.

«Экономиканың өсу қарқыны бойынша аграрлы сала ең төменгі көрсеткішке ие. 2005 жылдан бері ауыл шаруашылығы бойынша қабылданған бірде-бір мемлекеттік бағдарламала соңына дейін іске аспаған. Аграрлы саясаттың тұрақсыздығы соншалық, соңғы 20 жылда субсидия беру ережелері 57 рет өзгерген. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы сыбайлас жемқорлық қатері жоғары салалардың қатарына кірді», — деген депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, соңғы 10 жылда дүкен сөрелеріндегі импорттық тауарлар үлесі 3 есе өскен. Қанша бағдарлама жасалса да, елдегі қайта өңдеу кәсіпорындардың нақты өндіріс қуаты 30 пайыздан асқан емес. Оған қоса, бірқатар экспорттық бағыттарды еліміз уысынан шығарып алды.

«Баға саясаты фермерлердің емес, алыпсатарлардың қолында. Олардың пайдасы шаруаларға қарағанда 4 есе көп. Ауыл адамдарының несібесін базар қақпасын торлаған делдалдар алып жүр. Базарларда мал шаруашылығы өнімдерін тексеретін ветеринариялық-санитариялық зертханалар жеке-меншіктің қолында болған соң, олардың сапасы шала тексеріледі. Мұндағы ең өкініштісі — соңғы 5 жылда жаздағы құрғақшылық пен қыс мезгіліндегі мал жұты қалыпты жағдайға айналды. Осындай жағдайда тұрақты көмектесетін жүйе жоқ», — деді ол.

Сонымен бірге, электр энергиясы, жылу мен коммуналдық тарифтердің өсуі талай жобалардың дамуына кедергі келтірген.

«Соңғы жылдары агросалаға жеке инвестициялар әлсін-әлсін келе бастаған еді, жаңа бизнесмендер осындай тұрақсыздықты көріп, ауыл шаруашылығынан ат-тонын ала қашты. Көптеген шаруашылықтар сатылып жатыр. Мұның бәрі азық-түлік қауіпсіздігіне арналған арнайы заңның жоқтығынан болып отыр. „Ауыл“ партиясы азық-түлік қауіпсіздігі туралы заң жобасын әзірлеп, Үкіметтің қарауына жіберген болатын. Алайда тиісті қолдау таппады. Осыған байланысты „Ауыл“ фракциясының депутаттары азық-түлік қауіпсіздігі туралы заң жобасы Үкімет деңгейінде қайта қаралып, пысықталуын талап етеді», — деді А. Баққожаев.

Келесі
Санкция салдары. АҚШ Ресейге көмектескен Қазақстандағы фирмаға шара қолданды

Санкция салдары. АҚШ Ресейге көмектескен Қазақстандағы фирмаға шара қолданды

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.