• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Екінші ұшқыш жерленді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
12.08.2025
Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Екінші ұшқыш жерленді
Share on FacebookShare on Twitter

11 тамыз күні Павлодар облысында жақындары мен ауылдастары 32 жастағы Бақтияр Ержігітовті жерледі. Бұл хабарды облыс әкімі Асайын Байханов telegram-парақшасында жазды. Бір үйдің жалғыз ұлы болған марқұмның артында әйелі, төрт жасар ұлы мен екі жасар қызы қалды.

Бақтияр Ержігітов – 25 шілде күні Алматы облысы аумағында хабар-ошарсыз кеткен Қорғаныс министрлігінің EC-145 әскери тікұшағында болған үш әскери қызметкердің бірі. Кейінірек тікұшақтың сынықтары Алматы облысындағы Сорбұлақ су қоймасы аумағынан табылған соң, құтқарушылар тікұшақ пен экипаж мүшелерін су қоймасынан іздестіруге кіріскен.

Экипаж мүшесінің туысының айтуынша, әскери тікұшақ 25 шілде күні таңертеңгі 7 кезінде Шымкенттен ұшып шыққан. Екі сағаттан соң Луговойға қонып, жанармай құйып алған соң қайта ұшып кеткен. Содан кейін экипаж байланысқа шықпаған.

9 тамыз, сенбі күні Сорбұлақта 14 метрге жуық тереңдіктен тікұшақ бөлшектері мен бір адамның сүйегі табылды. Ол адам – әскери тікұшақ экипажының командирі, 33 жастағы майор Нұржігіт Үйсінбаев екені анықталды. Келесі күні Бақтияр Ержігітовтің денесі де су қоймасынан табылды.

10 тамызда Нұржігіт Үйсінбаев Түркістан облысы Төлеби ауданындағы Сұлтанрабат ауылындағы зиратқа жерленді. Марқұмның артында үш жарым жасар ұлы қалды.

Апатқа ұшыраған тікұшақта болған үшінші адам – Аман Амангелді әлі табылған жоқ. Құтқарушылар оны іздестіріп жатыр

Келесі
Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Экипаждың соңғы мүшесінің сүйегі табылды

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Экипаждың соңғы мүшесінің сүйегі табылды

Соңғы жазбалар

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

21 марта, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

19 марта, 2026
Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

18 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлауға кедергі» деген белсенді референдумнан соң үйқамаққа шықты

17 марта, 2026
Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

16 марта, 2026
«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

15 марта, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.