• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

-1 Назарбаев. Университеттен экс-президент есімі алынбақ

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
9 июля, 2025
-1 Назарбаев. Университеттен экс-президент есімі алынбақ
Share on FacebookShare on Twitter

Ұлттық қорғаныс университетінің атауынан экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі алынып тасталуы мүмкін. Бұл туралы қазақстандық БАҚ «Ашық НҚА» порталында жарияланған тиісті түзетулер жобасына сүйеніп хабарлады.

Азаттық радиосының хабарлауынша, ұсынылған өзгертулер қабылданса, осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталып келген әскери оқу орны ресми түрде «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті» деп аталмақ.

Жоба 18 шілдеге дейін қоғам талқылауында болады.

Жұрт бұл түзетулерді елде жүргізіліп жатқан «елбасы мұрасынан арылудың», яғни Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке тұлғасын дәріптеу мен оның символикалық мұрасын жоюға бағытталған үрдістің жалғасына жатқызады.

2024 жылғы қаңтарда аталған университет аумағындағы 2020 жылы орнатылған Назарбаев ескерткіші алынып тасталған.

Кемінде 238 адамның өмірін қиған 2022 жылғы Қанды Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанда бірінші президент пен оның төңірегіндегілердің ықпалы күрт әлсіреді. Сол уақыттан бері Назарбаев түрлі атақтары мен мәртебелерінен айырылды, кейде қоғам тарапынан өзге де мәртебелерін алып тастау туралы талаптар естіледі.

2023 жылдың ақпан айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Назарбаевтың саяси мұрагері ретінде, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы» туралы заңның күшін жоятын және Назарбаев пен оның отбасы иеленіп келген барлық артықшылықтарды алып тастайтын заңға қол қойған.

Ал 2025 жылдың маусым айында Мәжіліс депутаты мемлекеттік құжаттардан «елбасы» сөзін алып тастауды ұсынды.

Келесі
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

Трампқа хат. Тоқаев баж салығына жауап берді

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.