• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Иран-Израиль қақтығысынан қаза тапқандар мен жараланғандар саны артты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
17 июня, 2025
Иран-Израиль қақтығысынан қаза тапқандар мен жараланғандар саны артты
Share on FacebookShare on Twitter

16 маусымға қараған түні Иран Израильге қарай тағы да зымырандар атып, салдарынан Израильдің орталық бөлігінде кемінде 8 адам қаза тауып, шамамен 300 адам жараланды деп хабарлады Азаттық радиосы The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.

Петах-Тиква қаласында зымыран тұрғын үйге түсіп, төрт адам қаза тапқан. Тағы үш адам Хайфада, және бір адам Иерусалимнің маңында мерт болған.

Жексенбінің кешінде Иран шамамен 30 зымыран атқан. Олар Израильдің бірнеше аймағына жеткен.

«Тель-Авив округіндегі екі елді мекенге снарядтар түскені жайлы ақпарат жетті. Қазіргі уақытта жараланғандар туралы мәлімет жоқ, бірақ мүлікке зақым келгені расталған», – деп хабарлады Израиль полициясы.

Петах-Тиква қаласының билігі тұрғын үйге зымыран тигенін хабарлады. Ynet порталының мәліметінше, қаладағы көпқабатты ғимараттардың бірінде өрт шыққан. Гуш-Дан ауданында (бұл аймаққа Тель-Авив те кіреді) екі көпқабатты үй бүлінген. The Times of Israel басылымы Хайфаның жағалаудағы аудандарына зымыран түскенін жазды. Алайда Израильдің ресми органдары Хайфадағы қирап-бүлінген мүліктер жайлы әзірге ешқандай ақпарат таратқан жоқ.

Тегеран жаңа зымыран шабуылы кезінде Израильдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің жұмысын бұзып, оларды өз нысандарын нысанаға алуға мәжбүр еткен инновациялық әдістер қолданғанын мәлімдеді. Мұның алдында, 13 маусымда Иран өзінің ядролық және әскери инфрақұрылымдарына Израильдің жасаған шабуылына қарымта ретінде алғашқы зымыран шабуылын бастаған. Ол кезде Тегеран Израильді көздеп, шамамен 100 зымыран ұшырған еді.

Алдыңғы шабуылдарда негізінен Израильдің солтүстік аймақтары және Тель-Авив өңірі нысанаға алынды. Тель-Авивтің оңтүстігіндегі Бат-Ям қаласында бірнеше көпқабатты тұрғын үйге зымыран дөп түсіп, қиратып кетті.

Израиль денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Иранмен қақтығыс ушыққалы бері 15 адам қаза тауып, шамамен 400-ге жуық адам жараланған. Одан бөлек, 700-ге жуық адам үй-күйсіз қалған. Олар қонақүйлер мен уақытша баспаналарға орналастырған.

15 маусым күні Израиль Иранның әскери және стратегиялық нысандарына шабуылды жалғастырды. Иран ақпарат құралдарының хабарлауынша, зымырандардың бірі Тегерандағы Иран сыртқы істер министрлігінің ғимаратына тиген.

Иранның денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сүйенсек, қақтығыс басталғалы бері елде 224 адам қаза тауып, мыңнан астам адам ауруханаға түскен. АҚШ-та орналасқан Human Rights Activists in Iran құқық қорғау ұйымы Иранда қаза тапқандар саны 400 адамнан да асып кетуі мүмкін деп хабарлады.

Иранның жақын арада ядролық қару жасайтыны туралы мәлімдеген Израиль 13 маусымда Ирандағы нысандарға соққы жасаған, арасында ядролық нысандар да бар. Шабуыл кезінде нақты соққының соңынан Иран әскерінің бірнеше жоғары лауазымды тұлғалары опат болды. Ядролық қаруға қатысы бар делінген бірнеше физик ғалым да өлтірілді. Иран бұған қарымта жауап қайтарған.

Келесі
Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Біріншісін қойып, екінші АЭС жайында айтыла бастады

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.