• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Шерзат өлімі бойынша сот. 7-23 жыл арасында жаза сұралды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
02.06.2025
Шерзат Полаттың қазасы. Іс бойынша негізгі сот процесі 17 сәуірге белгіленді

Фото: Азаттық радиосы

Share on FacebookShare on Twitter

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысы жарыссөз кезеңіне жетті, ал прокурор айыпталушыларға қанша жыл жаза сұрайтынын жариялады.

Kazinform агенттігінің хабарлауы бойынша айыпталушылар 9 адам екені белгілі болған. Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай айыпталушы Абзал Шынасылға — 23 жыл, ал Равиль Сәкиевке 20 жыл жаза тағайындауды сұрады. Сотталушылар Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Шыңғыс Белғожаев, Дидар Қалиахметке — 7 жыл, Нұрқияс Ілиясовқа өтелмеген жазаны ішінара қосу арқылы түпкілікті — 9 жыл, Азамат Тоқтаубаевқа өтелмеген жазаны ішінара қосу арқылы түпкілікті — 15 жыл, Думан Ысқаққа 1 жыл 6 ай жаза сұрады.

Айыпталушыларға келесідей айып тағылған:

— Абзал Шынасыл Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 99-бап 2-бөлігі 5, 9, 14-тармақтары (адам өлтіру), 24-бап 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу), 99-бап 2-бөлігі 1, 7, 9 тармақтары.

— Равиль Сәкиев Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бап 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу), 99-бап 2-бөлігі 1, 7, 9-тармақтары (адам өлтіру);

— Шыңғыс Белғожаев, Нұрқияс Ілиясов, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет, Азамат Тоқтаубаев Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық).

— Азамат Тоқтаубаев Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1 бөлігі (бөтеннің мүлкін жымқыру).

— Кәмелетке толмаған Дидар Ысқақ Қылмыстық кодекстің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша айып тағылып отыр.

Былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы жасөспірім Шерзат Полат қаза болған еді. Ал 12 қазанда қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Кейін желтоқсан айында Шерзаттың ағасының мәйіті табылған.

Келесі
Тағы да өрттен бір үйдің 5 баласы қаза тапты

Тағы да өрттен бір үйдің 5 баласы қаза тапты

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.