• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Билік өткізбей тастаған. Қуғын-сүргін құрбандарына арналған концерт альбомы шықты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
01.06.2025
Билік өткізбей тастаған. Қуғын-сүргін құрбандарына арналған концерт альбомы шықты
Share on FacebookShare on Twitter

Концертіне тоқтау салынған соң 31 мамыр күні композитор, әнші Еркеш Шәкеевтің отызыншы жылдарғы ақындардың өлеңдеріне жазылған әндер топтамасының онлайн нұсқасы ұсынылды.

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай танымал композитор және орындаушы Еркеш Шәкеевтің «Алаш» атты музыкалық альбомы жарыққа шықты.

Альбомға Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Ілияс Жансүгіров, Шәкәрім, Бейімбет Майлин, Сұлтанмахмұт, Мағжан Жұмабайұлы және Сәкен Сейфуллин сынды қазақ әдебиетінің ұлы тұлғаларының шығармаларына жазылған әндер қамтылған.

Альбом тұсаукесеріне режиссер Азиз Жамбакиев (Shivang) Міржақып Дулатұлының «Жұт» және «Елім-ай» әндеріне түсірілген бейнебаяндарын ұсынған. Бейнероликтер Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалар архивінен алынған бұрын-соңды жарияланбаған тарихи кадрлармен толықтырылған.

Альбом әйгілі лондондық Metropolis Studios студиясында жазылып, Алматыда Юрий Демченконың студиясында дыбысқа жазылды. Сапалы музыкалық өңдеуге Грэмми сыйлығының иегерлері Пол Норрис (сведение) пен Мэтт Колтон (мастеринг) атсалысқан. Жобаға көптеген отандық музыканттар мен орындаушылар қатысқан. Олардың қатарында Архат Қуанышалиев, Ілес Жалғасбек, Нұрай Айтуарова, Нұрболат Қыдырбаев және Steppe Sons тобы бар.

Альбом сатылымынан түскен барлық қаражат қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ ақындарының мұрасын сақтап, дамытуға жұмсалатыны айтылады. Қолдау білдіргісі келетіндер үшін арнайы сілтеме де жарияланған.

Мамыр айының басында Еркеш Шәкеев Almaty Theatre сахнасында өтеді деп жоспарланған Саяси қуғын-сүргін мен Ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған “Алаш” концертінің өтпей қалғанын, нақтырақ айтқанда, белгісіз себептермен билет сату тоқтатылғанын хабарлаған. Бұл концертті режиссер Ермек Тұрсынов жүргізбек болатын. Алайда концерт өтпейтіні хабарланған соң, іле-шала режиссер де елден кеткенін жариялаған.

Келесі
Шерзат Полаттың қазасы. Іс бойынша негізгі сот процесі 17 сәуірге белгіленді

Шерзат өлімі бойынша сот. 7-23 жыл арасында жаза сұралды

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.