• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әлиев Ресейді айыптады. «Басында Ресейден сандырақ болжамнан басқа ештеңе естімедік»

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
31.12.2024
Әзербайжаннан Ресейге бет алған ұшақ Ақтау маңына құлады
Share on FacebookShare on Twitter

29 желтоқсанда AzTV телеарнасына берген сұхбатында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтаудағы ұшақ апаты жөнінде «Ресей жағы мәселені жасырғысы келеді және бұл ешкімге абырой әперетін нәрсе емес» деді. Сұхбатты телеарна Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда жазып алған.

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Әлиев сұхбатта ұшақты қасақана атпағанын да атап өткен.

«Кінәні мойындап, дос саналатын Әзербайжаннан уақытында кешірім сұрау және мұны қоғамға жеткізу – осының бәрі қабылдануы тиіс қадамдар мен шаралар болуы керек еді. Өкінішке қарай, алғашқы үш күнде біз Ресейден сандырақ болжамдардан басқа ештеңе естіген жоқпыз,-» деді Әлиев.

28 желтоқсанда Кремль хабарлама таратып, Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиевтен Azerbaijan Airlines ұшағы апаты үшін кешірім сұрағанын хабарлаған. Кремльдің хабарламасында Путин Ресейдің әуе кеңістігінде болған “қайғылы оқиғаға байланысты” Әлиевтен кешірім сұрап, қаза болғандардың отбасына көңіл айтқаны жазылған.

«Әрине, түпкілікті қорытынды қара жәшік ашылғаннан кейін белгілі болды. Бірақ алғашқы нұсқалардың өзі жеткілікті дәрежеде негізделген және фактілерге сүйеніп жасалған. Азаматтық ұшақ Ресей аумағында, Грозный қаласының маңында сырттан зақымданып, іс жүзінде басқарудан айырылған. Біз сонымен бірге ұшақты радиоэлектронды күрес құралдары арқылы басқара алмайтындай жағдайға жеткізгенін де білеміз. Бұл ұшаққа келтірілген алғашқы зақым,»- деді Әлиев.

Ол «нақты жағдайда айқын фактіні жоққа шығарып, бүркемелеу – ақымақтық» деді ол.

25 желтоқсанда Azerbaijan Airlines ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған. Борттағы 67 адамның 38-і қаза болған, 29 адам тірі қалған. Қаза болғандардың арасында алты қазақстандық бар.

Борт Бакудан Грозныйға қарай ұшқан, бірақ Шешенстан астанасы және Ресейдің өзге қалалары да лайнерді қабылдамаған. Ақыры ұшақ Каспий арқылы Қазақстанның батысындағы Ақтау қаласына бағыт алған.

Ақтауда ұшақ апатқа ұшырады.

«Росавиация» бастапқыда «ұшаққа құстар соғылып, апат содан болуы мүмкін» деп хабарлаған еді. Авиация сарапшылары оған күмән келтірген. Соңынан бұл мекеме апат күні Грозный аспанында әуе шабуылына қарсы жүйенің жұмыс істегенін мойындады.

Келесі
Туризмге — кедергі. Президент жол мен инфрақұрылымның нашарлығын енді көрді

Тоқаев жылына 1 рет Путинмен кездесетін Назарбаевпен айына 1 рет сөйлеседі

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.