• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Майқайыңдағы апат. Соңғы адамның сүйегі табылды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
26.07.2024
Майқайыңдағы апат. Соңғы адамның сүйегі табылды
Share on FacebookShare on Twitter

25 шілдеде құтқарушылар қаңтар айында Майқайың кенішінде жер опырылғанда, ойық астында қалған төртінші адамды тапты. Бұл туралы kazinform агенттігі хабарлады. Төрт адам мен олар мінген автобусты тауып, қазып алуға 7 айдан астам уақыт кетті.   

Автобус жүргізушісі Айып Тілеубергеновтің сүйегі 75 метр тереңдіктен табылып, сараптамаға жіберілді.

Қазу жұмысына әртүрлі қызметтен 200-ден астам адамның жұмылдырылғаны айтылады.

Еске сала кетейік, 4 қаңтарда Павлодар облысындағы Майқайың алтын кенішінде төрт адам мінген автобус аяқасты опырылған ойыққа құлады. Артынша оқиға орнынан екі адамның денесі табылған.

Кейін құтқарушылар топырақтың жиі қозғалуына байланысты қазу жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болған.

Ал мамыр айында Майқайың алтын кенішінде қос құтқарушыны іздеу жұмыстары қайта жанданды.

19 шілдеде Майқайыңда алты айдан соң үшінші құтқарушының мүрдесі табылған еді. Марқұм Айдос Шаймерденнің денесі 70 метр тереңдіктен қазып алынған.

25 шілдеде ойықта құрбан болған соңғы адамның сүйегі мен бірге автобус жоғары шығарылды. 

Билік өкілдері таратқан хабарларда қазу жұмыстарының қатерлі болғаны айтылады. Құтқарушылар еңбегін ақтау сарынында таратылған сондай хабарларда жергілікті биліктің құрбандар жанұясына көңіл айтуы мен құтқарушыларға алғыс білдіргеніне басымдық берілген.

Келесі
Назарбаевтың алақаны оригинал ма, жоқ па?

Назарбаевтың алақаны оригинал ма, жоқ па?

Соңғы жазбалар

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

21 марта, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

19 марта, 2026
Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

18 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлауға кедергі» деген белсенді референдумнан соң үйқамаққа шықты

17 марта, 2026
Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

16 марта, 2026
«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

15 марта, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.