• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Қазақстанда зертханасы ашылды деген Дуровты президент қабылдады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
03.10.2025
Қазақстанда зертханасы ашылды деген Дуровты президент қабылдады
Share on FacebookShare on Twitter

Әлеуметтік желідегі Telegram арнасының иесі Павел Дуров Қазақстанда жасанды интеллект зертханасын ашқанын хабарлады.

«Бір жыл бұрын Қазақстанда алғашқы аймақтық кеңсемізді ашқанбыз және нәтижесіне көңіліміз толады. Бүгін Alem.ai ғимаратында жасанды интеллект зертханасын ашып жатқанымызды қуанышты түрде хабарлаймын. Бірінші кезекте біз Telegram жобасы және Қазақстанның жасанды интеллект министрлігі іске қосқан суперкомпьютерлік кластерімен ортақ жобаны жүзеге асырамыз. Бұл технология миллиардтан астам адамға жасанды интеллект функцияларын қауіпсіз, ашық және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді” деді Астанадағы Digital Bridge форумында сөйлеген ол.

Азаттық радиосының хабарлауынша, 40 жастағы Павел Дуров Telegram-дағы заңсыз контенттің таралуына қатысты қылмыстық істер бойынша тергелген. Маусым айында Франция соты оған уақытша шетелге баруға рұқсат берген. Тергеу органдарының айтуынша, ол иелік ететін мессенжер контенттерге тиісті дәрежеде модерация жасамаған, үкіметтердің сұрақтарына жауап бермеген. Дуров айыптарды жоққа шығарады.

Digital bridge форумында Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Венгрия басшысы Тамаш Шуйок, Telegram иесі Павел Дуров, Sinovation Ventures бас директоры Ли Кай Фу, Стэнфорд университетінің ғылыми қызметкері, Google сарапшысы Питер Норвиг, Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стребулаев, G42 International бас директоры Мансур Ибрагим Әл-Мансур сөз сөйлеген.

Ақорданың хабарлауынша, осы форум аясында Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дуровты қабылдаған. Ресми ақпаратқа қарағанда, кездесу барысында “білім, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік саласындағы әріптестік мәселелері” талқыланған.

Қазақстан басшысы Telegram-ның елдің “цифрлық күн тәртібін дамытуға қатысты қолдауын” жоғары бағалаған.

Ақорданың жазуынша, Дуров Тоқаевқа “жасанды интеллект саласында ортақ жобаларды жүзеге асыру жоспарын” айтқан. Дуров әзірге өзінің желідегі парақшасында бұл кездесу жөнінде ештеңе жазған жоқ.

Келесі
Қилы кезең: Олжастың ерлігі. Жұбан Молдағалиевтің «ұят оқиғасы»

Қилы кезең: Олжастың ерлігі. Жұбан Молдағалиевтің "ұят оқиғасы"

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.