• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Экипаждың соңғы мүшесінің сүйегі табылды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
13 августа, 2025
Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Экипаждың соңғы мүшесінің сүйегі табылды
Share on FacebookShare on Twitter

Сейсенбі, 12 тамыз күні Алматы облысындағы Сорбұлақ су қоймасынан апатқа ұшыраған тікұшақтың үшінші экипаж мүшесі Аман Амангелдінің мәйіті табылды. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады.

«12 тамыз күні экипаж командирінің көмекшісі капитан Аман Нұрланұлы Амангелдінің денесі табылды. Тәжірибелі ұшқыш, күрделі метеорологиялық жағдайларда бірнеше мәрте ұшып жаттыққан. Түрлі ауқымдағы жаттығулар мен операцияларға қатысқан. Жоғары орындаушылық тәртібімен және мінсіз қызметтік беделімен ерекшеленген. EC-145 тікұшағындағы ұшу уақыты – 295 сағат» делінген министрліктің Telegram-арнасындағы парақшасында.

Экипаж мүшелері туыстарының бірінің айтуынша, әскери тікұшақ 25 шілде күні таңертеңгі 7 кезінде Шымкенттен ұшып шыққан. Екі сағаттан соң Луговойға қонып, жанармай құйып алған соң қайта ұшып кеткен. Содан кейін экипаж байланысқа шықпаған.

9 тамыз, сенбі күні Сорбұлақта 14 метрге жуық тереңдіктен тікұшақ бөлшектері мен бір адамның сүйегі табылды. Ол адам – әскери тікұшақ экипажының командирі, 33 жастағы майор Нұржігіт Үйсінбаев екені анықталды. Келесі күні Бақтияр Ержігітовтің денесі де су қоймасынан табылды.

10 тамызда Нұржігіт Үйсінбаев Түркістан облысы Төлеби ауданындағы Сұлтанрабат ауылындағы зиратқа жерленді.

Келесі
Польшада Қазақстан дипломаты ұсталды. Астанада қорғаныс министрлігі растады

Польшада Қазақстан дипломаты ұсталды. Астанада қорғаныс министрлігі растады

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.