• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Қосымша құн салығының шегі 40 млн теңге болмақ

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
10 апреля, 2025
Вице-премьер былтырғы шегірткені бүгін еске алды
Share on FacebookShare on Twitter

Үкімет қосымша құн салығы бойынша межені бұрын ұсынылған 15 миллион теңгенің орнына 40 миллион теңге деп белгілеу туралы шешім қабылдады. Бұл жөнінде сәрсенбі күні ұлттық экономика министрі Сері Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

15 млн теңгелік межеге кәсіпкерлер мен парламенттегі екі партия өкілдері қарсы шыққан.

“Бірінші, қосымша құн салығы 16 процент болады. Екінші, қосымша құн салығының шегі 40 млн теңге мөлшерінде белгіленеді. 40 млн теңге деген ортақ байлам болды. Үкімет пен депутаттардың конструктивті ұстанымының арқасында осындай ымыраға қол жеткіздік. Бірақ мұндай шек болғанда 160 мың салық төлеушіден айырылатынымызды айтқым келеді. Сондайда шамамен 400 млрд теңгедей қосымша бюджет түсімінен қағыламыз. Біздің бизнесмендер үкімет те, парламент те осындай ымыраға баруға дайын екенін түсінсін деп айтып тұрмын», — деді ол.

Қазіргі қолданыстағы заң бойынша, жылдық тауар айналымы 73 млн 840 мың теңгеден асатын кәсіпкерлер ғана қосылған құн салығын төлеуге міндетті. Бұған дейін үкімет салықтың бұл түрін жылдық тауар айналымы 15 млн теңгеден басталатын кәсіпкерлерге енгізуді ұсынған.

Жұрт әлеуметтік желіде үкіметтің бастамасын сынға алған. Сарапшылар салық ауыртпалығы қатардағы тұтынушыға да түсетінін ескерткен.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 ақпанда елдегі бизнес өкілдерімен кездесуде үкімет ұсынған ҚҚС мөлшері тым жоғары деп, бұл мәселені зерттеуді әрі биыл нақты шешім қабылдауды тапсырған.

Қосымша құн салығы – Қазақстанда сатылатын тауарлар (отандық және шетелден әкелінген) мен көрсетілетін қызмет бағасына қосылған жанама салық түрі. Бұл — мемлекеттік бюджет кірісінің маңызды көздерінің бірі.

Келесі
Шерзат Полаттың қазасы. Іс бойынша негізгі сот процесі 17 сәуірге белгіленді

Шерзат Полаттың қазасы. Іс бойынша негізгі сот процесі 17 сәуірге белгіленді

Соңғы жазбалар

Қытайға барған азаматтың ұсталуына Қазақстанда қарсылық білдірген 12 адам қамалды

Қытайға барған азаматтың ұсталуына Қазақстанда қарсылық білдірген 12 адам қамалды

15 ноября, 2025
Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

13 ноября, 2025
Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

11 ноября, 2025
Ғалым Доскен дүниеден өтті

Ғалым Доскен дүниеден өтті

11 ноября, 2025
ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

10 ноября, 2025
Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

7 ноября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.