• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Шерзат Полаттың өлімі бойынша үкім. Сұралған 23 жыл түрме жазасы өзгермеді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
5 июня, 2025
Шерзат Полаттың қазасы. Іс бойынша негізгі сот процесі 17 сәуірге белгіленді

Фото: Азаттық радиосы

Share on FacebookShare on Twitter

5 маусымда Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты істе 9 айыпталушыға үкім оқылды. Ең жоғары жаза – прокурор сұраған 23 жыл өзгеріссіз қалды.

Азаттық радиосының хабарлауынша, сот «Адам өлтіру», «Адам өлтіруге оқталу», «Бұзақылық» баптары бойынша айыпталған Абзал Шынасылды 23 жыл түрмеге кесті.

Сот үкімі бойынша:

  • Равиль Сакиев – 20 жыл;
  • Азамат Тоқтаубаев – 15 жыл;
  • Шыңғыс Белғожаев – 7 жыл;
  • Дархан Әскентай – 7 жыл;
  • Нұрқияс Ілиясов – 9 жыл;
  • Дидар Қалиахмет – 7 жыл;
  • Нұрбол Тоқтаубаев – 7 жыл;

Сот кәмелетке толмаған Д.Ысқақты бір жыл 6 ай түрмеге кесті.

Бұдан алдын мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай айыпталушы Абзал Шынасылға — 23 жыл, ал Равиль Сәкиевке 20 жыл жаза тағайындауды сұрады. Сотталушылар Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Шыңғыс Белғожаев, Дидар Қалиахметке — 7 жыл, Нұрқияс Ілиясовқа өтелмеген жазаны ішінара қосу арқылы түпкілікті — 9 жыл, Азамат Тоқтаубаевқа өтелмеген жазаны ішінара қосу арқылы түпкілікті — 15 жыл, Думан Ысқаққа 1 жыл 6 ай жаза сұраған болатын

Сот жәбірленушілердің моральдық және материалдық өтемақы өндіріп беру туралы өтінішін ішінара қанағаттандырды.

Үкім бойынша Шынасыл Абзалдан жәбірленушілерге — 60 млн теңге, Сакиевтен 30 млн теңге өндіріледі. Бұған қоса, ортақ тәртіппен қалған сотталушылардан (Д.Ысқақтан басқасы) 30 млн теңге өндіріледі.

Сот қылмыстық іс бойынша куәгерлер Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыкелді, Қазакенова, Рузбакиеваның әрекеттерін тексеріп, оларға құқықтық баға беру жөнінде де жеке қаулы шығарды.

Былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы жасөспірім Шерзат Полат қаза болған еді. Ал 12 қазанда қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Кейін желтоқсан айында Шерзаттың ағасының мәйіті табылған. 5 маусым күнгі үкім тек Шерзат Полаттың өлімі туралы іске байланысты шықты.

Келесі
Не үшін парад өткізгенін білмеген министр ай өткенде қызметінен босады

Не үшін парад өткізгенін білмеген министр ай өткенде қызметінен босады

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.