• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Қаңтар құрбандарының туыстары марқұмдарға арнайы статус беруді талап етті

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
6 января, 2025
Қаңтар құрбандарының туыстары марқұмдарға арнайы статус беруді талап етті

Қаңтар оқиғасы құрбандарының туыстары. Алматы әкімдігі. 5 қаңтар, 2024 жыл. Азаттық радиосының суреті

Share on FacebookShare on Twitter

Қаңтар оқиғасы кезінде жақындарынан айырылған бір топ адам 5 қаңтарда Алматыдағы «Тағзым» мемориалына барып, құран бағыштап, марқұмдарды еске алды. Олар мемориалға Қаңтар құрбандарының аты-жөнін жазуды, марқұмдарға арнайы статус беруді талап етті. Азаттық радиосының хабарлауынша, олар соңынан Алматы әкімдігіне барып, әкім Ерболат Досаевпен кездесуді талап еткен. Алайда әкім көрінбеді.

«15 ата-ана Астана қаласына Ақорданың алдына барды. Не істедіңіздер, айтыңыздаршы? Автозакқа салып, 70-80 мың теңге айыппұл салды. Мен оны қалай төлеймін? Әкем пневмония болып жатты былтыр баласының сотына барамын деп. Шешем қолын сындырды. Мені сүйреп алып кетті. Енді айыппұл келіп тұр…. Оны уақытында төлемедің деп тағы 20 мың қосқан. Қашанғы шыдаймыз? Бұл не?…Атып атып өлтірді, соттады, [талап-мұңды еститін] бір әкім, бір қара жоқ қой… Не істеймін? Кімге айтамын, халқым?» деп айқайлап жылады әкімдіктің фойесінде тұрған кезде Қаңтарда жақынынан айырылған адамдардың бірі.

Марқұмдардың туыстары әкімдіктен қаза болғандарды еске алып, мемориалға гүл қойып, құран бағыштауды сұрады. Қанды оқиғаға үш жыл толған уақытта олар билік өкілдерінен ешкімнің қарапайым азаматтардың қайғыларына ортақтаспағанына назаланды.

Жексенбі күні түстен кейін әкімдіктен шыққан ата-аналар «Власть» басылымына өздерін қала әкімі емес, әкімнің орынбасары қабылдағанын айтты. Айтуларынша, олар шенеуніктермен марқұмдардың статусы мәселесін талқылаған, бірақ ешқандай шешімге келмеген.

Қаңтар оқиғасы құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалы 2022 жылы желтоқсанда ашылған еді. Бұған дейін Қаңтарда туысынан айырылғандардың кейбірі ежелгі дәуірден совет заманына дейінгі кезеңде өмір сүрген танымал тұлғалардың сөзі жазылған ескерткіште Қаңтар құрбандарының аты-жөні аталмай қалғанына наразы болған.

Бүгін Алматыңдағы Қаңтар оқиғасына үш жыл толды.

Келесі
Қайтарылған қызмет. Тоқаев президент әкімшілігі басшысы бірінші орынбасары неге керек болғанын айтты

Қайтарылған қызмет. Тоқаев президент әкімшілігі басшысы бірінші орынбасары неге керек болғанын айтты

Соңғы жазбалар

Қытайға барған азаматтың ұсталуына Қазақстанда қарсылық білдірген 12 адам қамалды

Қытайға барған азаматтың ұсталуына Қазақстанда қарсылық білдірген 12 адам қамалды

15 ноября, 2025
Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

13 ноября, 2025
Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

11 ноября, 2025
Ғалым Доскен дүниеден өтті

Ғалым Доскен дүниеден өтті

11 ноября, 2025
ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

10 ноября, 2025
Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

7 ноября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.