• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

Лукашенко Украинамен шекарада Беларусьтің қанша әскері бекінгенін айтты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
19 августа, 2024
Басты бет Жаңалықтар
Share on FacebookShare on Twitter

Беларусь әскерінің үштен бірін Украинамен шекараға шоғырландырды. Азаттық радиосының хабарлауынша, бұл жөнінде осы елдің авторитар билеушісі Александр Лукашенко мәлімдеді. Ресейдің «Россия-1» мемлекеттік телеарнасына берген сұхбатында ол Минскінің мұндай қадамға баруына Киевтің «Беларусьпен шекарада 120 мыңнан астам сарбаз ұстап тұрғаны аздай, қосымша әскер әкелгені» себеп болды деп айтқан.

Лукашенконың сөзінше, Киев шекараға қосымша әскер күшін Беларусь армиясы ресейліктермен бірге Гомель жақтан Украинаға шабуылдауы мүмкін деген қауіппен апарған. Кейін Киев те, Минск те «120 мыңнан асатын» сарбаздарын шекара маңынан әкеткен. Шекараның екі жағында да Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін сол жаққа орналастырылған әскер күші ғана қалған.

Украина қарулы күштерінің Ресейдің Курск облысына жасаған шабуылы жөнінде Лукашенко Украина шамасынан артық әрекетке барып, қателік жасап отыр деген. «Әскер мен Путин өздері өлсе де, ол жақтан украин әскерін жайпап кетеді» деді ол.

Бұған қоса, Лукашенконың сөзінше, Украина «денацификация» кезеңінен өткен. «Сіз кейде нациктер жайлы айтасыз. Ол жақта ендігі нациктер жоқ. Украинада денацификация жасалды. Әйткенмен бірнеше шектен шыққан нацик қалған, бірақ олар қазір тренд емес «, – деген ол.

Лукашенко Мәскеу мен Киев келіссөз бастағаны абзал деп санайтынын айтқан.

Бұған дейін Украина Курск облысына 6 тамызда бастаған шабуыл Киевке Ресеймен келіссөз бола қалған күнде ұтымды позиция ұстануға септеседі деп мәлімдеген. Ресей президенті Владимир Путин Украинаның Курск облысындағы шабуылынан кейін диалог жүргізудің қисыны жоқ деген.

Жақында америкалық The Washington Post басылымы Ресей мен Украина Қатардың араағайын болуымен Дохада тамыз айында жанама түрде келіссөз жүргізуге тиіс еді, бірақ Украина күштерінің Курск облысындағы шабуылынан кейін ол белгісіз мерзімге шегерілді деп жазған. Басылым дерек көздерінің айтуынша, тараптар энергетикалық инфрақұрылымдарға шабуыл жасауды доғару туралы өзара келісімге келуді талқыламақшы болған.

Украина қарулы күштері Курск облысында шабуыл бастағаннан кейін Ресей делегациясы кездесуді кейінге қалдырып, Киевтің әрекеті жағдайды «шиеленістіріп отыр» деген. Украина тарабы өз делегациясын кез келген жағдайда Дохаға жіберуге әзір екенін айтып, ынта танытқанымен, Қатар біржақты кездесу өткізуден бас тартқан деп жазады басылым.

Ресей сыртқы істер министрлігі The Washington Post басылымының ақпаратын жоққа шығарды. «Ресей мен Киевтегі режим арасында азаматтық нысандар инфрақұрылымының қауіпсіздігі жөнінде ешқандай тікелей немесе жанама түрде келіссөз болған емес және жүргізіліп жатқан жоқ», – деп мәлімдеген Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова.

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
Тамыз бүлігі жеңсе Қазақстан тәуелсіздік ала алмас еді

Тамыз бүлігі жеңсе Қазақстан тәуелсіздік ала алмас еді

Соңғы жазбалар

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Екінші ұшқыш жерленді

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Екінші ұшқыш жерленді

12 августа, 2025
«Росатом» салып беруі мүмкін АЭС-тің құрылысы басталды

«Росатом» салып беруі мүмкін АЭС-тің құрылысы басталды

8 августа, 2025
Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

6 августа, 2025
АҚШ Иранның Ресейге зымыран жеткізуінен сескенеді

Мәскеу орта және жақын қашықтыққа ұшатын зымырандарын қолға алатынын айтты

6 августа, 2025
Қазақстан мен Ресейдің батыры болған ғарышкер дүниеден озды

Қазақстан мен Ресейдің батыры болған ғарышкер дүниеден озды

5 августа, 2025
Сара Назарбаеваның жағдайы жайлы ресми хабарланды

Сара Назарбаеваның ем қабылдап жатқанына үшінші айға айналды

1 августа, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.