• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

Жиі жаңалыққа шыққан Сатыбалдының жазасы жұмсарды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
16 августа, 2024
Басты бет Жаңалықтар
Share on FacebookShare on Twitter

Өскемен қалалық №2 соты Қайрат Сатыбалдының жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтінішін қарады. Бұл туралы соттың баспасөз қызметінен мәлім болды.

Сот үкімімен Сатыбалды «сеніп тапсырылған мүлікті жымқыру», «ұрлық жасау мақсатынсыз залал келтіру» бойынша мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан 10 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

Ол өзінің өтінішхатында жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішхатын беру үшін заңның барлық талаптарын орындағанын атап көрсеткен.

«Сотталушы өтінішхатын қолдап, оны қанағаттандыруды сұрады. Негіз ретінде өзінің оң мінездемесін, үкім бойынша залалдың орнын толтырғанын, сондай-ақ жалпы сомасы 700 млрд теңгеден астам мүлікті және өзге де қаражатты өз еркімен мемлекетке қайтарғанын айтты. Түзеу мекемесінің өкілі сотталушының өтінішхатын қолдады. Прокурор да Сатыбалдының өтінішхатын қанағаттандыруды сұрап, оның жазаны ауыстыру үшін барлық шарттарды орындағанын, сондай-ақ мемлекетке өз еркімен өзге де мүлікті бергенімен негіздеді», — делінген сот ақпаратында.

Атап айтқанда, ҚК-нің 73-бабы ауырлығы орташа қылмыстар немесе ауыр қылмыстар үшін сотталған адамды жазаның өтелмеген бөлігінің қалған бөлігін мынадай жағдайларда неғұрлым жеңіл жаза түрімен алмастыру мүмкіндігін көздейді:

— жаза мерзімінің кемінде 1/3 бөлігін өтегеннен кейін;
— келтірілген залал толық өтелген жағдайда;
— жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзу жағдайларының болмауы.

Сатыбалды орташа ауыр қылмыс және ауыр қылмыс жасаған. Ол жазаның 1/3 бөлігінен астамын өтеген. Түзеу мекемесінің әкімшілігі сотталушыға оң мінездеме бергені айтылады. «Қылмыспен келтірілген залал толығымен өтелген. Сот үкімімен өндіріп алынған сомалар (іс жүргізу шығындары, мәжбүрлі төлем) төленген. Жоғарыда айтылғандардың негізінде сот сотталушының өтінішхатын қанағаттандырды және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін 3 жыл 3 ай 7 күн мерзімге бас бостандығын шектеуге ауыстырды», — деп аталып өткен сот ақпаратында. 

Енді Сатыбалдыға пробациялық бақылау белгіленді. Тұрақты жұмысы болмаған жағдайда, сотталған жазаны өтеудің барлық мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылады.

Сот қаулысымен оған мынадай міндеттер жүктелген:

— Соттың қаулысы тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне заңды күшіне енген күннен бастап 10 күн ішінде есепке қою үшін келу, сотталған адамның (пробация қызметінің) мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды хабардар етпей тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын, оқуын ауыстырмау, басқа да міндеттерді орындау сотталғанды түзеуге және оның жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алуға ықпал етеді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қайрат Сатыбалды ісі бойынша мемлекетке 732,8 млрд теңгенің активтері қайтарылды. 

Жақында ол мемлекетке тағы 50 млрд теңгеден астам активін қайтаратыны белгілі болды. 

Қайрат Сатыбалды — экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі. Ол туралы соңғы кездері жаңалық, ақпаратта жиі хабарланған болатын. Бүгін, 16 тамызда оның ел президентінен және өзі тізе батырғандардан кешірім сұраған видеосы тараған еді.

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
Қазақтар Ресей үшін соғыса ма?

Қазақтар Ресей үшін соғыса ма?

Соңғы жазбалар

Польшада Қазақстан дипломаты ұсталды. Астанада қорғаныс министрлігі растады

Польшада Қазақстан дипломаты ұсталды. Астанада қорғаныс министрлігі растады

13 августа, 2025
Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Экипаждың соңғы мүшесінің сүйегі табылды

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Экипаждың соңғы мүшесінің сүйегі табылды

13 августа, 2025
Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Екінші ұшқыш жерленді

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Екінші ұшқыш жерленді

12 августа, 2025
«Росатом» салып беруі мүмкін АЭС-тің құрылысы басталды

«Росатом» салып беруі мүмкін АЭС-тің құрылысы басталды

8 августа, 2025
Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

6 августа, 2025
АҚШ Иранның Ресейге зымыран жеткізуінен сескенеді

Мәскеу орта және жақын қашықтыққа ұшатын зымырандарын қолға алатынын айтты

6 августа, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.