• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

Журналист сотына бара жатқан белсенді қамалды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
2 августа, 2024
Басты бет Әділет
Share on FacebookShare on Twitter

Азаматтық белсенді Абзал Достияров 20 тәулікке қамалды. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Белсендіні 1 тамыз күні Алматы облысы Қонаев қаласында журналист Думан Мұхаммедкәрімнің сотына бара жатқан жолда полиция ұстап әкеткен.

Белсендіні кешке қарай Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы полиция бөлімшесіне апарып соттаған. Оны әкімшілік кодекстің «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзу» бабының (488-баптың 11-тармағы) бойынша жауапқа тартқан. Сотқа қатысқан адвокат Төлеген Берліқожаның айтуынша, Достияровқа 15 шілде күні Қонаев қаласында журналист Думан Мұхаммедкәрімнің сот процесі кезінде «заңсыз митингіге қатысты» деп айып таққан. Оны Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылындағы уақытша изоляторға апарып қамауы мүмкін.

Қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбай сот шешімін әділетсіз деп бағалады. Достияровтың Facebook парағында жарияланған видеода Сәрсенбай сотқа қатысқанын, айыптаушы тараптың нақты дәлел көрсете алмағанын айтады. Оның сөзінше, билік журналист Думан Мұхаммедкәрімге шығуы тиіс үкімге қоғамның қарсылығы күшейіп кете ме деп қауіптенген соң осындай қадамға барып отыр.

1 тамыз күні Қонаевта журналист Думан Мұхаммедкәрімге сот үкім шығаруы мүмкін екені айтылған. Бірақ үкім оқу 2 тамызға шегерілді. Мұхаммедкәрім «экстремизмді қаржыландырды» және «тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты» деп айыпталған. Журналист бұны жоққа шығарады, істің саяси астары бар деп есептейді.

Достияров дәл осы баппен биыл наурыз айында да 20 тәулік Шонжыдағы абақтыда отырып шыққан. Онда да белсендіні журналист Думан Мұхаммедкәрімнің 1 наурыздағы сотында «заңсыз митинг ұйымдастырды» деп кінәлаған. Белсенді митинг ұйымдастырмағанын, сотқа өзінің You Tube арнасына хабар тарату үшін барғанын айтып, айыпты мойындамаған. Достияров былтыр қыркүйекте де осындай айып бойынша 15 тәулік абақтыда отырған.

Абзал Достияров – Қазақстан билігін сынап танылған азаматтық белсенді. Ол соңғы бірнеше жыл саясаткер Жанболат Мамайдың жанында жүріп, түрлі митингілерге қатысып көзге түсті. Бірнеше мәрте әкімшілік жазаға тартылып, түрлі мерзімге қамалған.

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
Уақыт белдеуін ауыстыруға қарсы петиция. Министрлік «қортынды жасауға ерте» дейді

Тағы бір петицияны тағы бір министрлік кері қақты

Соңғы жазбалар

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Екінші ұшқыш жерленді

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Екінші ұшқыш жерленді

12 августа, 2025
«Росатом» салып беруі мүмкін АЭС-тің құрылысы басталды

«Росатом» салып беруі мүмкін АЭС-тің құрылысы басталды

8 августа, 2025
Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

6 августа, 2025
АҚШ Иранның Ресейге зымыран жеткізуінен сескенеді

Мәскеу орта және жақын қашықтыққа ұшатын зымырандарын қолға алатынын айтты

6 августа, 2025
Қазақстан мен Ресейдің батыры болған ғарышкер дүниеден озды

Қазақстан мен Ресейдің батыры болған ғарышкер дүниеден озды

5 августа, 2025
Сара Назарбаеваның жағдайы жайлы ресми хабарланды

Сара Назарбаеваның ем қабылдап жатқанына үшінші айға айналды

1 августа, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.