• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

«АстраЗенека» және Coventry University Kazakhstan стратегиялық әріптестік туралы келісті

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
30 июля, 2024
Басты бет Жаңалықтар
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Астанада «АстраЗенека» британдық-швед биофармацевтикалық компаниясы мен Астанадағы британдық ЖОО Coventry University Kazakhstan арасында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды. Бұл келісім университет студенттері үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады: «АстраЗенека» компаниясы жетекші сарапшылардың қатысуымен қонақ дәрістері мен шеберлік сыныптарын, одан әрі жұмысқа орналасу перспективасымен тағылымдамалар ұйымдастырады. Сонымен қатар, компания прогрессивті білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін университеттің кітапхана қорын құнды ғылыми және оқу материалдарымен толықтыруға ниетті.

Қол қою рәсіміне Ұлыбритания Елшілігінің бизнес және сауда департаменті директорының орынбасары Стивен Бреннан, «АстраЗенека» Қазақстан директоры Мария Шипулева, сондай-ақ Coventry University Kazakhstan президенті Мирас Дәуленов қатысты.

«АстраЗенека» Қазақстан директоры Мария Шипулева мына жайларды атап өтті:

«Coventry University Kazakhstan-мен келісім біз үшін маңызды оқиға, өйткені ол британдық тамыры бар екі мықты ғылыми ұйымды біріктіреді және ол биофармацевтика саласындағы жас таланттарды қолдау мен дамытуға бағытталған. Біздің ынтымақтастығымыз студенттерге айтарлықтай пайда әкеліп қана қоймай, білім, тәжірибе және инновациялармен алмасу үшін жаңа мүмкіндіктер аша отырып, Қазақстанның ғылымы мен бизнесін одан әрі дамытуға үлес қосатынына сенімдіміз».

Ал Coventry University Kazakhstan президенті Мирас Дәуленов «Қазақстандағы алғашқы британдық зерттеу университеті Coventry University Kazakhstan осы жылдың қыркүйек айында студенттерге есігін айқара ашады. Университет заманауи, әрі қарқынды дамып келе жатқан Coventry University (Ұлыбритания) ғаламдық желісінің бөлігі атана отырып, Қазақстандағы және шетелдегі ірі корпорациялармен қарым-қатынасты орнатты. «АстраЗенекамен» ынтымақтастық біздің студенттеріміз үшін жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтеді», — деп атап өтті қол қою барысында

Келісімнің шарттарына сәйкес осы күзде тараптар бірқатар білім беру жобалары мен бастамаларын қамтитын өзара іс-қимыл жоспарын бекітуге ниетті.

«АстраЗенека» онкология, кардиология, нефрология және метаболизм, тыныс алу және аутоиммундық, сондай-ақ сирек кездесетін аурулар сияқты терапевтік салаларда рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді зерттеуге, әзірлеуге және нарыққа шығаруға бағыт алған халықаралық инновациялық биофармацевтикалық компания болып табылады. Штаб-пәтері Кембриджде (Ұлыбритания) орналасқан «АстраЗенека» компаниясы 100-ден астам елде таныстырылған және оның инновациялық препараттарын бүкіл әлем бойынша миллиондаған пациенттер пайдаланады. Ал Coventry University Kazakhstan – бүкіл әлем бойынша Coventry University филиалдары жаһандық желісінің бөлігі. Бүгінгі күні Египетте, Қытайда, Мароккода, Үндістанда және басқа елдерде 21 000-нан астам студент білім алатын кампустары табысты жұмыс істеуде. 1843 жылы негізі қаланған Coventry University Ұлыбритания мен әлемнің жетекші жоғары мекемелерінің рейтингтерінде жоғары орынға ие. Университет жыл сайын өз түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
«Өртке қарсы жұмыстар баяу жүріп жатыр». Премьер әкімдерді қоқыс тазартуға міндеттеді

"Өртке қарсы жұмыстар баяу жүріп жатыр". Премьер әкімдерді қоқыс тазартуға міндеттеді

Соңғы жазбалар

Польшада Қазақстан дипломаты ұсталды. Астанада қорғаныс министрлігі растады

Польшада Қазақстан дипломаты ұсталды. Астанада қорғаныс министрлігі растады

13 августа, 2025
Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Экипаждың соңғы мүшесінің сүйегі табылды

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Экипаждың соңғы мүшесінің сүйегі табылды

13 августа, 2025
Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Екінші ұшқыш жерленді

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Екінші ұшқыш жерленді

12 августа, 2025
«Росатом» салып беруі мүмкін АЭС-тің құрылысы басталды

«Росатом» салып беруі мүмкін АЭС-тің құрылысы басталды

8 августа, 2025
Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

6 августа, 2025
АҚШ Иранның Ресейге зымыран жеткізуінен сескенеді

Мәскеу орта және жақын қашықтыққа ұшатын зымырандарын қолға алатынын айтты

6 августа, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.