• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент және президенттікке үміткер Байден сайлаудан бас тартты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
22.07.2024
Президент және президенттікке үміткер Байден сайлаудан бас тартты

Reuters агенттігінің суреті

Share on FacebookShare on Twitter

Ол 21 шілдеде X желісінде жариялаған мәлімдемесінде Демократиялық партия мен өз елінің мүддесі үшін биыл қарашада өтетін президент сайлауына түсуден бас тартқанын жазды. Сөзінше, ол енді президенттік мерзімі аяқталғанаша «міндетін атқаруға көп көңіл бөлмек».

Ол демократтар атынан президенттікке кандидат ретінде өзінің вице-президенті Камала Харристі ұсынды. Партия Харристің кандидатурасына жақын күндері дауыс беруі тиіс.

81 жастағы Байден 5 қарашада өтетін президент сайлауына Демократиялық партия атынан кандидат болған еді. Бірақ ол 27 маусымда Республикашылдардан президенттікке кандидат Дональд Трамппен болған дебатта сәтсіздікке ұшыраған. Дебатта Байден кейбір ойларын толық аяқтай алмай, кейбір тұста аузына сөз түспей, жауаптан жаңылған.

Осыдан кейін The New York Times басылымы қазіргі президент сайлаудан бас тартуы тиіс, әйтпесе мұнысы «ессіз авантюра» болмақ деп жазды. Ал Байденнің өзі дебаттағы сәтсіздігін халықаралық рейстерден қалжырағандығымен түсіндірді.

Дебаттан соң Байденнің денсаулығына және жасына байланысты түрлі сөз де көбейді. Демократиялық партияның бірнеше демеушісі егер Байден сайлаудан бас тартпаса, кампанияны қаржыландыруды тоқтататынын ескертті.

Келесі
Гүлмира Сатыбалдының сотында жәбірленуші сот залынан шығарылды

Гүлмира Сатыбалдының сотында жәбірленуші сот залынан шығарылды

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.